Суға келген төлемдерге тұрғындар наразы

291

Моисей Ким коммуналдық төлемді түбіртек келген күннің ертесіне төлеуді әдетке айналдырған. Ақпан айында берілген түбіртекте қаңтарда тұтынған судан бөлек, бүкіл үйден кеткен шығын бойынша қарыз, техникалық қызмет көрсету үшін төлемдердің енгізілгеніне зейнеткер наразы.

Моисей Ким, қала тұрғыны: «Жеке су есептегіштегі көрсеткіш бойынша төлеуге дайынмын. Неге сушылар шығындар бойынша төлемді тұрғындар есебінен өтемек. Техникалық қызмет көрсетуге келісімге тұрмағанмын. Оны үй төрайымы да дәлелдеуде. Түбіртекті алып. учаскедегі кассирге барып тұтынған су бойынша төлемек болып едім, барлығын төлемесеңіз болмайды деді. Амал нешік, түбінде қарыздарды қоса барлық төлемді өтедім».

Су есептегіш құралындағы көрсеткіш бойынша төлеп жүрген тұрғынның артық төлемдер бойынша сұрағын су арнасы-маркетинг ЖШС-нің Теріскей шағынауданында орналасқан учаскесіндегі мамандарға жеткіздік. Олар 16-шы шағынауданындағы 11 үйдің әділет басқармасында кондоминимум нысаны ретінде тіркелгені бойынша төлемдер жүргізілгенін алға тартуда.

Шолпан ҚҰРМАНАЛИНА, Айқап шағынауданы бойынша дилерлік  учаскесінің инженері : «Үй бойынша су шығыны пәтерлердегі абоненттердің санына қарай бөлініп, есептелінеді. Мысалы жалпы су есептегіш құралы бойынша КИМ-ге екі айға 209 теңге есептелген. Бір айға тұрғындар 105 теңге төлеуі тиіс. Ал техникалық қызмет көрсету төлемдеріне келсек, ол қаржы жер төлесіндегі жүйелерде орын алған ақауларды жөндеуге жұмсалады».

Маман жаңа жылдан бастап тұтынған суға төлемдерді өтеу кестесі өзгергенін хабарлайды.

Шолпан ҚҰРМАНАЛИНА, Айқап шағынауданы бойынша дилерлік  учаскесінің инженері: » Қаңтар айынан бастап төлем фомасы өзгерді. Енді әр айдың 18 мен 25 аралығында контролерлар жеке су есептегіш құралындағы көрсеткішті жазып алады. Келесі айдың басында компьютерде терілген түбіртек таратылады. Бұрындағыдай қолдан жазу болмайды».

Төлемдерге қатысты сушыларға сұрақтарыңыз болса өз мекен жайыңыз бойынша учаскеге баруыңызға болады. Теріскей аялдамасындағы дилерлік  учаскесінің байланыс телефоны 49-15-82