Ақжар ауылын су басты

селдің сергелдеңіне түскен Ақжар ауылы

Төлеби ауданына қарасты Ақжар ауылы су астында қалды. Күннің күрт жылуының салдарынан қыр-сайдағы қарлар еріп, ағынды су ауылға қарай дендей аққан. Соның салдарынан елдімекеннің шетінде орналасқан бірнеше баспана бүлініпті. Әсіресе Естай Үскенбаевтың үйі су қоршауында қалып, құлаудың әзер алдында тұр.

Естай Үскенбаев, тұрғын:»Шамамның келгенінше төтеп беріп жатырмын. Қаздыратын үлкен техника қажет. Ауылда ондай жоқ. Техника келмей жатыр.Әлі жаңбыр жауады дейді. Құдай біледі не боларын».

Төлеби ауданына қарасты Ақжар ауылы су астында қалды. Күннің күрт жылуының салдарынан қыр-сайдағы қарлар еріп, ағынды су ауылға қарай дендей аққан. Соның салдарынан елдімекеннің шетінде орналасқан бірнеше баспана бүлініпті.

Мырзан Манабаев, Ақжар ауылының әкімі: «Күні түні осындамыз. Ешқандай шығын жоқ. Құдай сақтасын».

Тасқын су бұдан бөлек ауылдың іргесінен орын тепкен тағы бірнеше үйлерді бүлдірген. Ауданнан жәрдем жеткенше жергілікті жұрт жиылып, барды ұқсатып тасқынға тосқауыл қоймақ та болған. Бірақ ағынның арнасын ауыздықтауға әл жетпепті. Сірескен сеңді сындыруға арнайы техника болмаса қол күшінің шамасы келмей тұр-дейді тұрғындар.

Ақжар ауылының ахуалы туралы аудан мен облыстағы тиісті мекеме басшылары түгел құлақтандырылды. Бірақ судың көптігі соншалық сел әзірге арық атыздарға бас имей тұр. Арнадан асқан тасқын көшені көлге айналдырып жұрттың жағасынан бүгін ертең босатпақ емес. Сондықтан қазір қажетті арнайы техникалар тынымсыз жұмысқа жегілген. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JzeRq4hf4K8&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=43&feature=plpp_video[/youtube]