Жаңа 5 мың теңгеліктер айналымға шығарылды

Жаңа 5 мың теңгеліктер айналымға шығарылды. Банкноттың сыртқы бетінде «Қазақ елі» монументі бейнеленген. Оң жағында қалықтаған көгершін мен барстар. Жоғарысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері безерленіпті.

Айнұр Қалжанова, ҚР Ұлттық Банкінің аға сарапшы-кассир: «Ақшаның негізгі бөлігінде Қазақстан контуры орналасқан. Тәуелсіздік монументінің шыңы мен Алматы қаласындағы Қазақстан қонақүйінің бейнесі. Оң жағында алма мен көгершін бейнеленген голографиялық жолақ бар».

Шымкенттік инженер Анатолий Яганин әр теңгені коллекция етіп жинақтайды екен.20 жылдан бері осыны ермек етіп жүрген оның теңге тахрихы жинақталып үлгерген. Жаңа 5 мың теңгеліктің шыққанын естіген ол ескісін коллекциясына тығып қоюға асықты.

Анатолий Яганин, коллекция жинаушы: «Жаңа 5 мың теңгелік айналымға шығыпты. Егер ескісін алып тығып қоймасам кейін таба алмай қаламын. Ал әрбір купюра-нағыз тарих қой».

Ақшаны коллекциялауға әуестенбейтіндер ескіні жаңаға ауыстыруына әлі мүмкіндік бар. 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2 банкнот та айналыпда жүреді. Ал 2014 жылдың 1 қаңтарында ескі 5 мың теңгелік айналымнан шығарылады.