Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов ОҚО-да болып қайтты

247

Оңтүстік Қазақстан облысында елуден астам елдімекендерді су басқан. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов кеше кешкісін өткен облыс активінің отырысында осылай мәлім етті. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов қатысқан жиында топан су басқан елдімекендерде қазіргі кезде 7 мыңдай сала мамандары, әскерилер және 350 техника жұмылдырылғаны айтылды. Шұғыл іс сапары барысында вице-премьер ең қауіпті деген ауылдарда болып, тұрғындарға қандай көмек көрсетіліп жатқанын көріп шықты.  Тікұшақтан су басқан елдімекендер анық байқалады. Оңтүстік өңірінің 9 ауданындағы 200 ден астам ауыл топан судан зардап шекті. Түркістан ауданындағы Шаға ауылында 400 дей адам қауіпсіз жерге көшірілген. Табиғат өзінің дәл осындай тосын мінезін жарты ғасыр бұрын көрсеткен деп еске алады байырғы тұрғындар.

Тұрғын:  «Табиғат биыл тосын мінезін көрсетті. Қарлы  қыс, енді міне су басып, жапа шегудеміз. Дайын болмадық. Резіңке етік таба алмай,  қора, ауламызға да шыға алмай қалдық. Мұндай жағдай 1984 жылы болған.  Бірақ лның көлемі  мұндай болмаған.  Алайда халық барлығына дайын болу керек.  Үйлердің іргетасын жоғары  қалап,  кірпіштен салу керектігіне көзіміз жетті.  Көше бойындағы егістік жерлердегі қашыртқыларды үнемі тазалап тұру керек».

Ордабасы ауданында жағдай әлі де күрделі күйінде. Өйткені, қар толығымен еріп біткен жоқ. Қауіп сақталуда, бейғамдыққа салынбау керек дейді ақсақалдар жағы. Басымызға қиыншылық түскенде жалғыз болмадық, елмен бірге көрдік, билік те, әскерлеріміз де көмекке келді. Оған алғысымыз шексіз дейді олар.

Тұрғын: «Палуан тас Шаян аулдарына су Қаратау мен Көктебеден ағады.  1984 жылы болған  топан судан елді мекендерді аман алып қалу үшін Найман арықтың жанынан қосымша қашыртқылар  қазылған болатын. Бірақ сол кезде олардың жиектері   жақсы бекітілмеді.  Кейін   тазартылмайды.  Біздің ұсінісіміз. Қазір біздің ауылдардың жанынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі өтпек.  Жолға дейін   су қлймасы болса,  су осында жиналады. Бәрі бір бөгеттерге жерді осында алып,  қазаншұңқыр да дайын».

Қазір өңірде жергілікті тұрғындармен бірге әскерилер, төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы қызметі жұмыс жасауда. Дамбыларды бекітіп, қалпына келтіру істерін жасауға жергілікті бюджеттен 1 млрдтан астам теңге бөлінді. Облыста құрылған арнайы штаб өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындауда. Вице премьер-министр осылай деді.

Серік Ахметов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары: «Елбасының тапсырмасымен Оңтүстік өңіріндеміз. Жағдайды өз көзіммен көріп,  зардап шеккен  азаматтармен кездестім.  Облыста штаб   жоспарлы жұмыстарын орындауда. қазір шығынның көлемі анықталуда.  Баспанасыз қалған азаматтар  қауіпсіз орындарға  көшірілді. Бірде бір адам қолдаусыз қалмайды. Және де біз жағдайды бақылауда ұстаймыз. Үнемі байланыста боламыз».

Отырар ауданындағы жағдай да сақтықты талап етеді. Тосын жағдайға барлық қызмет түрлері дайын. Облыстық штабтың отырысында жауапты мамандар осы уақытта атқарылған жұмыстар бойынша есебін берді.

Кенжехан Төлебаев, зілзалалардың алдын алу, азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы: «Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Отырар ауданында  Маяқұм ауылында 8 шақырым жерде  адамның бойындай бөгет жасалды.  Сондай ақ мамандар су елді мекеннің төменгі жағында орналасқан Өгізсай арығымен ағады деп  отыр.  Тосын жағдайға дайынбыз».

Зардаптың салдарымен күрескенше, барлық күшті оның алдын алуға бағыттау қажет. Премьер-министрдің бірінші орынбасары осыны нақтылады. Қазір қауіп бірте бірте сейілуде. Алайда, арқаны кеңге салуға ерте. Серік Ахметов жиынды «жағдайды қадағалап, қолдан келген көмекті аямаймыз» деп қорытындылады.