Өткен жылы 10 мыңға жуық оңтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылды

195

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 9 474 адам жұмыспен қамтылған. Бұл үшін 3,6 млрд. теңге игерілді.

Кәсіби оқыту бағыты бойынша 8 мыңға жуық адам оқытылды. Бұл мақсатқа 1,9 млрд. теңге жұмсалды. 500-ден астам мекемеде 5 мыңға жуық әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, нысаналы топқа жататын азаматтарда жұмыс орындарына жіберілді. Олардың 62 пайызға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға 123,2 млн. теңге игеріліп, 530 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 86 -на 100 млн. теңге несие ұсынылды.

45 144  жұмыс іздегендердің 43 675-і жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 11 608 ресми тіркелген жұмыссыздар тартылды.  2011 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады.