27-наурыз халықаралық театр күні

Бүгін Халықаралық театр күні. Мұндай шешім Халықаралық театр институтының 11-конгрессінде қабылданған болатын. Бұл мереке 40 жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Әлем халықтарын біріктіретін өнер. Бұл- режиссер, актер, сценограф, суретші, жарық беруші жалпы ұжымда жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің мерекесі.

Мейрам әлемде 1961 жылдан бері атап өтіліп келеді. Біздің облысымызда айтулы күнге ерекше дайындалады. Өңірімізде 8 театр ұжымы жұмыс істейді. Қазақ театрлармен бірге, облыста орыс және өзбек тілдерінде көрермендерге спектальлдер ұсынатын өнер шаңырақтары бар. Солардың бірі «Облыстық әзіл- ысқақ және сатира театры».

Бүгінде аталмыш ұжымда бірнеше әртістер өнер көрсетеді. Олардың арасында жастар да бар. Қашан да ізденіс үстінде жүретін сатира театры жаңа қойылымдармен өз көрермендерін қуантуға асығады.

Марат Оразметов, ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрының директоры: «Біз үшін театр күні ерекше мереке. Көптеген құттықтауларды қабылдаймыз. Қашанда бұл күнді ерекше көңіл-күймен қарсы алуға тырысамыз. Ал алдымызда келе жатқан 1-сәуір күлкі күніне орай барлық театр майталмандарының басын қосып, сатира театрының ғимаратында үлкен кездесу өткізсек деген жоспарымыз бар».

78 жылдық тарихы бар қаламыздағы Жұмат Шанин атындағы Қазақ Драма театрыда бұл айтулы мерекеден қалыс қалған емес. Тек биыл әр жылы ұйымдастырылатын «Театр көктемі» фестиваль биыл ұйымдастырылмапты.

Бастарбек Пірімбетов, Облыстық қазақ драма театрының директоры: «Жыл сайын мереке қарсаңында «Театр көктемі» атты фестиваль өтетін. Бірақ енді бұдан былай жаңа формада ауқымды қылып екі үш жылда бір рет өткізу ойымызда болғандықтан, келесі жылға қалдырылды».