«Мега Шымкент» әйелдер мерекесін ерекше атап өтті

289
Мега

8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін «Мега Шымкент» сауда орталығы да атап өтті.

Дәл осы күні мұз үстіндегі түрлі қойылым мен кішкентай арулардың сайысы келушілердің көңілін көтерді. Түрлі ойындар ұйымдастырған орталық, әрбір нәзік жанды қонақтарын гүлсіз қайтармады.

«Мега Шымкент» сауда орталығы әйелдер қауымына ерекше мереке ұсынды. Нәзік жандыларға Меганың жүздеген қызғалдағы мен арнайы сыйлығы таратылды. Күтпеген құрметке ие болғандардың ішінде Жазира Дархан да бар. Ол өзінің құрбысымен бірге орталыққа көңіл көтеруге келген екен.

Жазира Дархан, қала тұрғыны: «Мен осындай сыйға ие болғаныма өте қуаныштымын. Аруларды елеп, көктем мерекесімен құттықтап жатқан орталыққа рахмет».

«Сәттілік дөңгелегін» айналдыр да сыйлығыңды ал! Бұл мега орталықта ұйымдастырылған тағы бір ойынның ұраны. Бағын сынауға 20 мың теңге көлемінде төленген чегі бар тұтынушылар қатысты. «Рамстор» сауда дүңгіршегінен сауда жасған чегімен келген Ұлбике Медарова ойынға қатысып, қолшатыр ұтып алды.

Ұлбике Медарова, қала тұрғыны: «Біз барлық мереке де осында келеміз. Отбасыммен бірге Мега орталықты аралап, сауда жасаған өте ұнайды».

20 балдырған ару «Хеппилон ханшайымы» атағына өзара бақ сынасты. Байқауды ұйымдастырушылар сүйкімді балдырғандардың арасынан ең көріктісін, талаптысын таңдау қиынға соққанын мойындады. Десе де ханшайым тек біреуі атанары сөзсіз, ал сыйлықсыз ешкім кетпейді.

Гүлнұр Шамшиева, ұйымдастырушы: «Мереке құрметіне орай ханшайым байқауын ұйымдастырып отырмыз. Хеппилионның балдырғандары үлкен дайындықпен келіпті. Оларға қуаныш сыйлаудын біз шаршамаймыз. Үміткерлер бірінен-бірі асып түседі, билері де керемет».

Ал кешкісін «Мега орталық» қонақтарын мұз үстіндегі думанды кешті тамашалады.