Көктеммен бірге келген Халықаралық әйелдер күні меркесінің құрметіне облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірдің қыз-келіншектерінің басын қосты.
Салтанатты жиынға облысымыздың барлық аудан-қалаларынан аналарымыз бен қыз–келіншектер көптеп жиналды. Халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі деп балаған.
Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!»
Бүгінгі күні әйелдер өз ошағымыздың ұйытқысы болып қана қоймай, қоғамымыздың барлық салаларында да белсенділік танытуда. Әйел қандай қызмет атқарса да, аналық құқығын айшықтай жүріп, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді.
Маржан Кривенцова, Кентау қаласының тұрғыны: «Осындай салтанатты кеш ұйымдастырып, көңілімізді көтерген облыс әкіміне мың алғыс. Қандай жағдай болмасын, үнемі қасымыздан табылатын Асқар Мырзахметовке кентаулық аналардың алғысын арқалай келдім. Лайым, еліміз тыныш, елағалары аман болсын. Көктем мерекесі бақыт әкелсін әр шаңыраққа».
Бүгін дәл осындай нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар берілді. Ән мен жырдан шашу шашылған мерекеге аналар қауымы дән риза болды.