Ит адамның досы екенін «Альфа» тағы бір мәрте дәлелдеді. Оңтүстіктің тәжірибесінде полиция иттің қылмыс ашқаны алғаш рет болып орын алды. Қарияның жалғыз сиыры «Альфа» болмағанда бордақыланып,базардан бір-ақ шығар еді. Құрығы ұзарған айлакерлер малды жайылымнан емес, қорада арқандаулы тұрған жерінен айдап әкеткен.
Оқиға орнына арнайы топ және кинолог мамандар қызметтік итпен келіп, іздеу жұмыстарына кіріседі. Иістің көмегімен ізге түскен Альфа бір емес 3 көшені шарлап өтіп, белгісіз бір үйдің ауласына тінте бастайды. Бірақ сақшылардың көзіне сиыр ілінбеген. Сөйтсе ұрылар малды қораға емес, оның артындағы қабырғаға тасалап, арқандапты.
Осылайша Мақтарал АІІБ на тиесілі қызметтік ит ұрылардың жолын кесті. Ұсталғандар 1991 және 1996 жылы туылған Жетісай қаласының тұрғындары. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.