ОҚО командалық есепте білім сайысы бойынша үшінші орында

Жеңімпаздардың Ақтөбеден келген сәті

2 алтын, 5 күміс, 3 қола медаль. Ақтөбеге оңтүстік Қазақстан облысынан аттанған 35 оқушы республикалық пән олимпиадасында 10 жүлделі орынға ие болды.

№8 гимназияның 10 сынып оқушысы Ақжарқын Дүйсенбиева география пәні бойынша бағын сынап, алтын медальға ие болыпты. Бұл оның алғашқы жеңісі емес. Өйткені былтыр дәл осы пән бойынша республикалық додада үшінші орынға ие болған қыз биыл барын салып тырысыпты. Оның қуанышымен бөлісуге сыныптастары мен анасы және білім алатын гимназияның директоры да келген.

«Біз лимпиада кезінде қатты уайымдадық. Сұрақтар қиын болар деп ойладық. Тіпті арамызда жылаған оқушылар да болды. Бірақ біз намысқа тырысып, командамыздың, облысымыздың абыройын асырдық деп ойлаймыз. Қуанышымда шек жоқ»,­- дейді Ақжарқын.

«Өз баламдай қуанып тұрмын. Ақжарқын тек гимназияның ғана емес, ата-анасының, ұстаздарының үмітін ақтады. Бұл оқушым барлықтарға үлгі болса екен деймін»,‑  деді қуанышын жасыра алмай №8 гимназияның директоры Шолпан Асылбекқызы.

Қазақ- түрік лицейінің 9 сынып оқушысы Батырхан Дәулет күміс медальға ие болғандардың бірі. Республикалық олимпиадаға алғаш рет физика пәні бойынша қатысқан Дәулет қиындықтардың кездескенін айтады.

«Қиындықтар болды. Әсіресе уақыт жетіспеді. Аздаған уақыт болғанда көптеген есептерді шығаруға болар еді. Онда тек жүзден жүйріктер мен мыңнан тұлпарлар ғана қатысты»,- деп, ойымен бөлісті Батырхан Дәулет.

Бұған дейін республикалық олимпиадаларға облыстық байқаудың тек бір ғана жеңімпазы жіберілетін болса, биыл информатика, география, физика, химия, математика, биология пәндері бойынша Ақтөбеде 13-18 наурыз күндері өткен білім сайысына  өңірлерден  бірінші және екінші орынның жүлдегерлері қатысуға мүмкіндік алыпты.

Нәтижесінде облыстан барған оқушыларымыз командалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының  командасы республика бойынша 3 орынды иемденді. Енді оқушыларымыз гуманитарлық бағыт бойынша 25 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өтетін білім сайысына дайындалатын болады.

Біз төменде жүлдемен оралған барлық оқушылардың тізімін жариялап отырмыз.

Оқушының толық аты-жөні

Пәні

Сыныбы

Аудан, қала, мектебі

Орыны

Қалмырзаев Серғазы Нүркенұлы

Математика

9-сынып

Шымкент қаласы, №1 ҚТЛ

І

(алтын медаль)

Дүйсембиева Ақжарқын Маратқызы

География

10-сынып

Шымкент қаласы,

№8 гимназия

І

(алтын медаль)

Батырхан Дәулет Қасымханұлы

Физика

9-сынып

Шымкент қаласы, №1 ҚТЛ

ІІ

(күміс медаль)

Ильяс Батыр Камалұлы

10-сынып

Шымкент қаласы, №1 ҚТЛ

ІІ

( күміс  медаль)

Сейдалы Мухаммед Қасқырбекұлы

Биология

10-сынып

Шымкент қаласы, №1 ҚТЛ

ІІ

( күміс  медаль)

Калходжаев Уалихан Нұрмаханбетұлы

10-сынып

Шымкент қаласы, №1 ҚТЛ

ІІ

 ( күміс  медаль)

Сабыр Аруна Қадырқызы

География

Түркістан «Дарын» м/и

ІІ

( күміс  медаль)

Жумаділова  Күләш Бақытқызы

Биология

11-сынып

Шымкент қаласы, №1 Пушкин атындағы орта мектеп

ІІІ

(қола медаль)

Байдуллаев Болат Мұратұлы

Физика

11-сынып

Шымкент қаласы,

№1 ҚТЛ

ІІІ

( қола  медаль)

Жұмәлі Даулет Тұралыұлы

География

11-сынып

Төлеби, №4 о/м

ІІІ

( қола  медаль)