Республикалық «Жұлдызай-2012» өнер фестивалі басталды

351
байқауға қатысушы

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өтетін республикалық «Жұлдызай» өнер фестивалі басталды. Дәстүрлі түрде өтетін байқауға іріктеу кезеңі Шымкенттегі №2 мектеп-интернатта өтті. Оған облысымыздың барлық аудан-қалаларынан өнерпаз балдырғандар қатысып, бақ сынады.

Жастайынан өмір соқпағын көріп, тауқымет тартқан жандардың арасында да жаны өнерге бейімдері де жетерлік. Бір қарағаннан-ақ көздеріндегі жалындағы отты көруге болады.
Көпке танымал «Сәт» триосының тұсауын кескен бұл байқаудың мақсаты көзі көрмесе де тілі сайрайтын, өзі сөйлемеседе жүрегі ән айтатын балдырғандарға демеу болу.

Ғажайып суреттерімен көзге түсіп, іріктеуден үлкен додаға жолдама алған Ерлан, жастайынан сұлулыққа жаны құмар жан екен. Мүмкіндігі шектеулі балдырғандар барын салды, бұл дода. Әрқайсысында «Жұлдызайда» жұлдызымыз жанып қалар деген үміт бар.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, өнер сынына қатысқан әрбір балдырған ескерусіз және сыйлықсыз қалмайды екен. Ән айтып, биден шашу шашқан балдырғандар арасында мықтысын таңдау да оңай соққан жоқ.