Соңғы 2 айда ОҚО-да жол апатынан 14 адам қаза болған

Соңғы 2 айда жаяу жүргіншілердің қатысуымен ОҚО-да 88 жол көлік оқиғасы орын алып, 14 адам қаза болған.

Бүгін облыстық жол полициясы басқармасының бастығы журналистермен баспасөз мәслихатын өткізу барысында осыны мәлімдеді. Онда жаяу жүргіншілер жолағына қатысты мәселе тағы да талқы таразысына салынды.

Облыстың бас жол полицейінің мәлімдеуінше, 83-і түрлі дене жарақатын алған. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін наурыздың 28-30-ы аралығында «Жаяу жүргінші» атты арнайы-профилактикалық іс-шара қолға алынып отыр. Ол 3 күнге созылмақ.

Десе де бақылау күшейтіледі деген шарадан шарапат күту негізсіз. Үш күн былай тұрсын, айлар бойы жүргізілуі тиіс профилактикадан погондылар бәрібір бір нәтиже шығар деген үмітте.