Úı Jańalyqtar Су тасқынынан зардап шеккендерге 29 мил. 299 мың теңге жиналды

Су тасқынынан зардап шеккендерге 29 мил. 299 мың теңге жиналды

Ордабасы, су басты

Оңтүстікқазақстандықтар өзгенің қайғысына теріс қарамайтынын аңғартты. Қайырымдылық қорына келіп түскен қаржы туралы соңғы мәліметтер осы сөзімізге негіз.

Су тасқынынан зардап шеккен жерлестеріміз үшін облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерден жиналған қаржы көлемі бүгінгі күні 29 миллион 299 мың теңгеге жетті.

Көмек ретінде қаражат жинау, киім-кешек пен азық-түлікті қабылдау науқаны әлі де жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін жиналған заттар Ордабасы аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жеткізілді.