Тұтынушылар ыстық суға есептегіш құрал орнатуы тиіс

474

Көпқабатты үйлердің тұрғындарына наурыз айында тұтынған жылу үшін жіберілетін түбіртекпен қоса, ұйғарым-хабарлама қағазы да таратылуда. Онда «3-Энергоорталық» АҚ сәуірдің 1-не дейін ыстық судың есептегіш құралын орнатуды міндеттейді.

Пайдаланылған ыстық су үшін тұрғындар сәуір айынан бастап жеке есептегіш құралдарындағы көрсеткішпен төлем жасауы тиіс. Егер құрылғы орнатылмаған болса, тұтынушы есепсіз кеткен су шығынын да төлейді. Бұл жөнінде «3-Энергорталық» АҚ-ның әкімшілігі тұтынушыларды жылу мен ыстық су үшін таратылған түбертекке жапсырылған хабарлама қағазда ескерткенбіз деп отыр. Тұрғындар болса, уақыттың аздығын алға тартады.

Шахида Савдашева,  Теріскей шағынауданының тұрғыны: «Хабарлама қағазында 1-сәуірге дейін ыстық суға  есептегіш құралын  орнатуымыз тиіс. Әйтпесе,  есепсіз судың шығынын төлейсіздер деп жазыпты. Наурыздың аяқталуына санаулы күн қалды. Үлгереміз бе жоқ па?»

Тұтынушылар ыстық суға есептегіш құралын орнатудың тиімді екенін біледі, бірақ асығыс тірліктің соңы күрделіктерге ұласпасына кепілдік бар ма деп күмандануда. Құрылғыны қайдан сатып алуға болады және оны орнату кімнің есебінен жүргізіледі. Сауалдар көп. Бұған жылу берушілердің айтар уәжі де дайын екен.

Асқар ШИПЕКОВ, «3-Энергоорталық» АҚ-ның сату және өткізу қызметінің бастығы: «Біз жақында түгендеу жұмыстарын жүргіздік, ыстық судың мөлшерден артық пайдаланылғанын анықтадық. Егер тұрғындар есептегіш құралдарын орнатса, үнемді пайдаланады. Қазір  тұтынушылар үй кітапшасындағы  тіркелген азаматарға төлейді. Бірақ, тексеру барысында анықталғаны  тіркеуден бөлек, пәтерде бірнеше адам тұрады.  Мен өзім «Отырар» шағынауданында тұрамын. Бұрын 3 адамға 1 жарым мың теңге төлесем, есептегіш құралын орнатқаннан бері 175 теңге төлеймін. Бұл құралдарды «Су арнасы -маркетинг» ЖШС орнатады.

Ыстық суға есептегіш құралдарын тұрғындар Теріскей шағынауданындағы Жолан батыр көшесінің бойында орналасқан «Су өлшегіш шеберханасынан» сатып ала алады.

Разия  Алиходжаева, «Су арнасы- Маркетинг» ЖШС-не қарасты су өлшегіш шеберханасының менеджері: «Ресейлік су есептегіш құралы 2 мың 600 тұрады. Орнатқан құрылғыға 3 ай кепілдік береміз. 5 жылда оны тексертіп тұру қажет. Тапсырысты телефон арқылы да қабылдаймыз. Анықтама телефондары 52-82-74, 52-71-57».

Шеберхананың мамандары орнатқан есептегіш құралына бекіту пломбасын «3-Энергорталық «АҚ мамандары қояды. Судың да сұрауы бар демекші, оны үнемдеу мақсатында есептегіш құралын тұтынушы түбінде өз есебінен міндетті түрде қою керек деп ескертеді жылуберушілер.

 Су өлшегіш шеберханасының мамандарымен су есептегіш құралын орнату бағасы:

диаметрі 15-тік құбырға, бұрандасыз және сүзгішсіз -2 300 теңге;
бұрандасымен және сүзгішпен- 4000 теңге;
тек бұрандасымен- 3 100 теңге, тек сүзгішпен де осындай баға -3 100 теңге;

Анықтама алу үшін мына телефондарға хабарласу керек. 52-82-74,52-71-57.

Ескертетін жәйт, тек осы шеберханада сатып алынып, орнатылған су есептегіш құралына ғана мамандар пломба қояды.