Шымкентте жылу беру маусымы 1 сәуірде тоқтатылады. Бұл шешім ауа температурасының тұрақты түрде жоғарылауына орай қабылданып отыр. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы аяқталғанымен, тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар тоқтамайды.
Жылу беру маусымы 1 сәуірде аяқталады. Алайда, жауапты мамандар келер жылға дайындықты бірден бастап кетпек. Яғни, тұрғындардың өтініштері мен шағымдары негізінде тиісті мекемелер тарапынан жүйелі түрде шаралар қабылданады. Ол үшін азаматтар пәтер иелерінің кооперативіне немесе үй басқарушыларына хабарласып, мән жайды айту қажет дейді. Кейбір тұрғындар салғырт қарап, ертерек қамданбайды деп отыр. Қала берді, жауапты пәтер иелерінің кооперативіде уақытында тиісті жұмыстарды атқармайды екен.
АЙБЕК ҚОЖАБЕКОВ, «ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» МКК БАС ИНЖЕНЕРІ: «КСК барлығы бірдей, пәленбай жылдық стажы бар деп айта алмаймын. КСК да жұмыстарында қанағаттандыралықсыз бар енді. Олар жақсы жұмыс істеп тұрса, өтінім беріп өздері шақыру керек. Кейбір кезде тұрғындар шақырады. 109 ға түскен соң, біз заявканы жабу керек боламыз. Қала әкімшілігінің талабы бар. Сондықтан өз күшімізді қолданамыз».
Мамандардың айтуларынша, жылыту маусымын уақытылы аяқтау жылу жүйелерінің тозуын азайтып, алдағы маусымға сапалы дайындық жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан, жылу мен қоса кейбір шағын аудандарда 213 көпқабатты тұрғын үйде ыстық суда өшіріледі.
АЙБЕК ҚОЖАБЕКОВ, «ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» МКК БАС ИНЖЕНЕРІ: «Отырар, 18 мкр жартысы, Солтүстік, Сайрам, Шығыс. Бір айға деп жоспарлап отырмыз. Мүмкін ертерек сығымдау бітсе, ертерек қосуымыз мүмкін. Трассалар жарылатын болса, кешігуі мүмкін. Оны ашығын айту керек. Барлығы жазады, сұрайды тұрғындар».
кетейік, Шымкентте 30–40 жыл бұрын салынған көпқабатты үйлердің тозуы өзекті мәселеге айналған. Олардың барлығы бірдей жаңғырту бағдарламасына кірмейді, ал тұрғындардың бір бөлігі жөндеу үшін несие алуға келіспей, мемлекеттің көмегіне үміт артады.
Алайда заң бойынша жертөле мен шатыр пәтер иелерінің ортақ меншігі, сондықтан оларды күтіп-ұстау тұрғындардың өз міндеті дейді мамандар. Осыны ескермеген соң, жылу беру маусымында 500 ге жуық арыз шағым түскен. Естеріңізге сала кетейік, қала бойынша 2200 ге жуық көпқабатты тұрғын үй, 69 қазандық бар.
Нұргүл Жолымбетова





