Tele2 ыңғайлы ұялы байланыс жүйесін ұсынады

346
теле2

Шымкентте жаңа ұялы байланысқа жаппай қосылудың тағы бір толқыны басталды. «Теле2» еуропалық операторы бiздiң облыста да жұмыс iстей бастады. Ашылу салтанаты барысында ұялы байланыс салондарына жиналған көпшілік арзан оператордың нөмiрлерiн алуға асықты. Ал кешкісін «Теле2» шетел жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт ұйымдастырды.

Осынша дүйім жұрт қаламыздың 9 нүктесінде жиналды. Тұрғындар Теле2 номерін алу үшін асығуда. Алдыңғы қатарлы еуропалық байланыс операторы «Теле-2″ енді Шымкентте. Дискаунтер еуропалық операторының қолайлы ұсыныстарына шымкенттік жастармен қатар, зейнеткерлер де қызығушылық танытты. Солардың бірі Валентина Угарова.

Валентина Угарова, зейнеткер: «Менің немерелерім мен балдарым Кемеровта тұрады. Олардың барлығында Теле2. Маған да ыңғайлы болды. Актив номерімді Теле2-ге ауыстырдым.»

«Теле 2-нің» Қазақстандағы жұмысы негізінен 2011 жылдан бастау алады. Ал Оңтүстікте ол енді ғана кірікті. Дискаунтер еуропалық операторы ел азаматтарына байланыстың жоғары сапасын арзан бағамен ұсынып отыр. Яғни барлық бағыттарға 8 теңге. Артық төлемсіз, тіпті қалалық нөмірлерге де хабарласуға болады.

 Нүркен Халықберген, «Теле2 Қазақстан» байланыс операторының PR-менеджері:«Теле2-нің шығуы ұялы байланыс құнының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары бұл байланыс түріне қосыла отырып, бұрынғы шығынды 2, тіпті, 3 есеге дейін қысқартады. Біз абоненттерге секундтық тарифтеуді ұсынып, абоненттік төлем алмаймыз. Және барлық бағыттарға қоңырау шалу 8 теңгеден.»

Ашылу салтанаты барысында Теле2 шырайлы шаһарымыздың батыл әрі жас таланттары 500 мың теңге үшін таласқа түсті. Оңтүстік жұртшылығына арзан тілдесуді ғана емес, барлық жағдайда ұтымды болуды ұсынған компания әлем және қазақ жұлдыздарының қатысуымен керемет концерт қойды. Заманауи үлгіде ән салатын Ерболат та Теле2-ні көптен бері қолданатындығын жасырмады.

 Ерболат, репер:«Теле2 керек десеңіз жер төледе де ұстайды. Менің ол жерде студиям бар. Басқа байланыс жүйелері өшіп қала береді. Тек Теле2 ғана жақсы жұмыс істейді.»

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша , Теле2-ге мамыр айына дейін қосылған әрбір абонент желі ішінде 50 пайыздық жеңілдікке ие болады екен. Акция біздің облыста ғана жарамды.