Тимур мен Арай дуэті кішкентай балаларды қуантпақ

Тимур мен Арай дуэті

Бүгінде өнер сүйер қауымның ерекше ықыласына бөленіп, әсем әндерімен көпшілікке танылған Шымкенттік Тимур мен Арай дуэтінің репертуарлары қашанда жаңарып отырады. Осы мақсатта дуэт қарқынды түрде жұмыстар жасап үнемі ізденіс үстінде жүреді. Жақында дуэт жаңа ән жаздырды.

«Бұл әннің өзіндік ерекшелігі де бар. Ана мен әкенің балаларына деген махаббаты жайындағы жаңа ән көпшіліктің көңілінен шықса, оған бейнеклип түсіреміз»,- дейді әнші Тимур.

Қазір өнерлі жұп жаңа бейне клиптің сюжеттік желісін ойластыруда.

Тимур мен Арай мектеп жасынан таныскан. Алғашында жәй дос болған екеуі өсе келе достық қарым- қатынастары махаббатқа ұласып олар шаңырақ көтереді. Қазір екі ұл, бір қыздары бар. Үлкен ұлдары да ата-аналарының жолын қуып өнерге бір табан жақын екен. Қазір өнерлі балаларға арналған мектеп интернатында білім алуда. Ал екінші ұлдары Өркен мектеп жасындағы бала. Үшінші перзенттері жасына әлі толмаған есімі- Қызғалтақ

Тимур Дәулет, әнші: «Мен Сайрам ауданы Таскешу ауылында туып өстім. Отбасымызда ешкім өнерге жақын болмаған. Алайда мен осы қасиеттің егесі атанғаныма әлі күнге дейін таңқаламын. Қазір Аллаға шүкір Арай екеуіміз қанша қиындықтардан өтсек те өнерде өз орынымызды таптық. Қаншама әндеріміз, бейне клиптерімізді жарыққа шығардық. Мәселен «Ана» жайында кейінгі әндерімізді еліміздің белгілі азаматтарына арнадық.Оларға аранап бейне клипте түсірді. Барлығы осы өнер сүйер қауым үшін ғой».