Әнші Шынар Бердешоваға Алматы қаласынан ұсыныс жасалды

Шынар Бердешова

Шымкенттік әнші Шынар Бердешованың өнерге келгеніне 4 жылдай болды. Осы уақыт аралығында әншінің репертуары 10 әнмен және 4 бейне клиппен толыққан. Ал Шынар алғаш рет көрерменнің жүрегіне «Тұрақсыз көңіл» атты әнімен жол табқан болатын.

Шынарға жақында Алматы қаласынан киноға түсуге ұсыныс келіп түсті. Әзірге жаңа фильімнің режисерларымен келіссөздер жүргізілуде екен.

«Егер бәріде ойдағыдай өтсе мені жаңа фильмде басты рольден көре аласыздар»,- дейді Шынар.

Шынар отбасының көптен күткен тұнғышы. Анасы қызын 8-жыл дегенде көтерген. Шынарым менің күн секілді жайнап, жан-жағына нұрын шашып жүреді деп еркелетеді Раушан Ниязқызы.

«Шынарымды алысқа Алматы қаласына әрине жібере салу қиын. Жақсылап жолдасым екеуіміз ойласып, ортақ шешімге келерміз. Өнер жолын таңдаған қызымыздың жолын байламайтын шығармыз»,- дейді әншінің анасы, әрі продюсері Раушан ханым.