Жерді жыртпай егін егуге болады

518
Бидай өнімдері

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары қалалық ауылшаруашылығы бөлімімен бірлесіп, қаламыздағы бірқатар шаруа қожалықтарының басын қосып, семинар-кеңес өткізді. Ондағы мақсат, бәсекеге қабілетті диқаншыларды даярлау. Олардың бойына жаңа технологияны сіңіртіп, табыс көлемдерін ұлғайту.

Сыздық Досымбек, ауыл шаруашылығы ғылымының профессоры: «Шаруаларға өзіміздің тәжірибемізді бөлісуге әбден дайынбыз. Келіп кеңес алып тұрса, бізде арнайы білімін жетілдірсе болады».

Бейнетімен зейнеті көп, диқаншылар өсімдік түрін дұрыс таңдап екпегендіктен, көп шығынға ұшырап жатады. Ауызекі әңгімемен егілген алқаптан түсетін өнімнің өніп қарық қылатыны шамалы. Міне, осындай келеңсіздіктерді болдырмай, табыс көзін ұлғайтып, шығынын шегерудің жаңа әдіс-тәсілін үйренді. Ол-жерді жырпастан егін егу. Қарапайым шаруаның 30-40 пайыз шығынын үнемдеп, өнімін асыра өсіретін бұл әдіс қолайлы көрінеді.

Суғармалы жерден көп пайда табуға болады дейді ғалымдар. Бір мезгілде бір емес, екі-үш өсімдік түрін өсірудің де жолдарын көрсетті олар. Шаруа қалайда қаржы тауып, егіншаруашылығын дамыту керек. Сонда барып, жұмсалған еңбек ақталмақ.

Мемлекет тарапынан субсидияға берілген жеріңіз, сіз бен елге қызмет етуі тиіс. Сол себепті шаруалардың білікті де, білімді болғаны жөн-ақ. Семинар барысында алма мен жүзімді өндірудің, сақтаудың, біздің климатқа қолайлы сортын таңдаудың жолдары үйретілді. 20 тонна өнім алып тәуба дейтін жерлестерімізге, көрші елдердің жеткен жетістіктер мысалыға келтіріліп, арнайы фильм ұсынылды. Берген кеңестері көңілінен шыққан қожалық иелері алдағы уақытта осы айтылғанның барлығын тәжірибе жүзінде сынап көрмек.

Мойындау керек, еліміз ауыл шаруашылығын барынша қолдап, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда. Қолына күрек ұстаған ағайынға жағдай жасап, шаруасын әртараптандыру арқылы түсімін ұлғайтуға да сеп болуда. Оларға қолайлы несие жүйесін ұсынып, көмек қолын созуда. Ендігі мақсат-Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамыту.