Жол жиегінде үйілген мал қалдықтары қауіп төндіруде

334

Құрсай елдімекенінен Несібелі апа Аякөл ауылына бағыт алған. Ұзақ жолға дейін ол мұрнын жауап өтуге мәжбүр. Мұндағы иіс қолғаны қабады.Шынында да Аяқөлге барар жолдың жиегі ірі қара мал қалдықтарының үйінділеріне толы. Шыбын үймелеген маңда тыныс алу мүмкін емес. Мүңкіген иістен бұл қалдықтардың жақында тасталғанын білу қиын емес.

Несібелі Мырзалиева, облыс тұрғыны: «Не деген сұмдық. Мына үйінділер қаладағы колбаса шығаратын өндіріс орындарынан алып келінген. Қайда қарап жүр  әкімдеріміз,  санэпид стансасындағылар. Осыдан індет тарап кетсе, кім жауап береді».

Исабек Үйсімбаев, Құрсай ауылының биі:»Жақында ғана жинап едік. Түнде  алып келіп тастаған ғой. Бұл жағдайдың орын алғанына екі жылдай уақыт болды. Қолымыздан келген шара-  тазалаймыз».

Қалалықтардың осы жерге көлікпен мал қалдықтарын тастап кететіні жайлы учаскелік полицейлер хабардар. Алайда оған тоқсауыл қою жолында еш әрекет байқалмайды. Сайрам ауданына қарасты Бадам ауыл округі әкіміндегілер бұл маңайды тазалық сәрсенбіліктерінде тазалаймыз деп мәлімдеп отыр.

Данияр Сұлтанов, Бадам ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы: «Мал қалдықтарын тастайтын  көліктің нөмірін жазып алыңдар деп  тұрғындардың ескерттік. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Сенбіліктер ұйымдастырып, шағынаудандағы  мекемелердің күшімен  қоқысты жинаймыз».

Береке шағынауданының маңайы да күл-қоқысқа толы. Тіпті кейбір тұрғындар бұл жерге қоныс тепкеніне өкінетін секілді. Олар күре жолға көлік иелері қоқыс тастайды деп отыр.

 Балқия ҮМБЕТБАЕВА, Қазығұрт ауданының тұрғыны: Қонаққа келіп едім, айналаның бәрі күл-қоқыс. Өткен көліктер тұрмыстық қалдықтарын тастап кетеді. Немерелерім үшін қорқамын. Бір жұқпалы ауруды жұқтырып алады ма деп».

Қоқыс тастайтындар айыппұлдың мөлшері де пысқырып қарамайды. Басқа амалы қалмаған тұрғындары жаңа өндіріс орны іске қосылғанда ғана мұнда тәртіп орнар деген үмітте.