Көпқабатты үйлердің ауласы көріктендіріліп, балалар алаңшалары салынады

323
балалар алаңшасы сын көтермейді

Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің ауласын көріктендіру жұмыстары биыл да жалғасын табады. Жоспар бойынша жол жиегіндегі кедергілер мен жолдар жаңаланып, ирригациялық жүйелер орнатылады. Бекітілген кестеге сәйкес, Абай ауданына қарасты 8-шағынауданда тендерде жеңіске жеткен мердігер мекемесі жұмысқа кірісті.

Ерубай ҚҰРАЛБАЕВ, қалалық ТҮКШ бөлімінің көріктендіру секторының меңгерушісі: «Пайдалануға берілген нысандар облыс әкімінің шешімімен  аудан әкімдіктерінің балансына өтеді. Әкімдіктер өз тараптарынан ол нысандардың күтімін үй төрағаларына тапсырады».

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында 532 балалар алаңшасы  салынады. Абай ауданы бойынша бой көтеретін 124 балалар алаңшасының 95-нің жобалық сметалық құжаты жасалды. Былтыр пайдалануға 205 балалар алаңы халық игілігіне берілген болатын.