Химиялық зат тиеген поездан түтін шыққандықтан тоқтатылды

Вагоннан аққан химиялық сұйықтықтың салдарынан бірнеше жолаушылар пойызы бірер сағатқа тоқтатылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Сайрам, Түлкібас ауданындары аралығында, нақтырақ айтқанда дағы » «Сергеевка» темір жол станциясынан «Манкент» станциясына дейінгі аралықта  «Арыс-Шу» бағытында жолға шыққан тауарлы поездан  түсініксіз түтін шыққан.

Поезда пероксид сутегі тиелген 90 цистерна болған. Төтенше жағдайлар министрлігіндегілердің айтуынша, химиялық сұйықтық 200 шаршы метр аумаққа төгілген. Соның салдарынан 7 жолаушылар поезы мен 3 тауарлы поезд  қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қазір жағдай реттелді. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.