Шымкентте автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін тағы бір орталық ашылды

413
Техбайқаудан 10 пайызы ғана өткен

Шымкентте автокөліктерге тағы бір техникалық қызмет көрсету орталығы ашылды. Қазығұрт шағынауданындағы «Камаз евро сервис» ЖШС-нің аумағында орналасқан бұл орталықта барлық автомобиль түрлері техбайқаудан өте алады.

Шымкент-Сертификация жаңа орталығында бас-аяғы 20-30 минуттың ішінде автокөліктерге техникалық тексеру жүргізіледі. Мамандар көліктің негізгі бөлшектерін тексеріп, машина туралы мәліметтерді орталық компьютерлік базаға жолдайды. Жаңа ашылған бұл орталық сертификатталған құрылғылармен толық жабдықталған және арнайы республикалық реестрге енгізілген.

Дана Қамбарбекова, «Оңтүстік» ТД бас маманы: «Шымкентте барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа орталық ащылып, ендігі жерде сапалы қызмет көрсету деңгейі артады деген сенім бар».

Техбайқау орталығы қызметкерлерінің жұмысы бүге-шүгесіне дейін реттелген. Жаңа орталықта жеңіл автомобильдермен қатар мотоциклдар, жүк көліктері де тексерістен өткізіледі. Айтпақшы, орталық жанында аудандарға да бара алатын жылжымалы станция жұмыс жасайды.

Мамыт Әлімов, «Шымкент Моторс» компаниясының Басқарма төрағасы: «Біз барлық жабдықтарды Ресейдің Новогород қаласынан алдырдық. мамамндар да сол зауытта оқу-тәжірбиеден өтіп келді. Біз Новогород зауытының Қазақстанның оңтүстік аумағындағы ресми өкілі болып табыламыз. Неміс технологиясымен ресейде құрастырылған жабдықтар көліктерді техникалық байқаудан жаңылмай өткізеді деп айта аламыз».

Аталаған компанияның бұл 2-ші техбайқау орталығы. Біріншісі «Шымкент Моторстың» базасында орналасқан. Жаңа ереже бойынша, техбайқау нәтижелері жол полициясы сынды құзырлы орындарға тиесілі бірегей базаға енгізіледі.