Ғарыш тақырыбына арналған жаңа естелік тиын ақшалар шығарылды

Еліміздің ұлттық банкі нумизматикамен айналысып, тиын жинаушы қазақстандықтарды қуантып, ғарыш тақырыбына арналған жаңа естелік тиын ақшаларды шығарды. Құны 500 теңгелік «Мир» шақасы құрамдас бөлікті күмістен жоғары сапалы етіп жасалған. Дәстүрлі дөңегелек пішінді тиын ақшаның ішкі дискісі аэроғарыш өнеркәсібінде кең қолданылатын тантал металынан, ал сыртқы шеңбері күмістен құйылған.

Ел тұрғындарының пайдалануына берілген естелік тиындардың тағы бір түрі – 5000 данамен шығарылған 50 теңгелік шақалар. Осынау құрамдас және нейзильбер екі тиын ақшаның екі беті де бір үлгіде құйылған.

Ұлттық банктің жаңалықтарв мұнымен бітпейді. Қаржы институты «Қазақстанның әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары» сериясымен «Наурыз мейрамы» естелік шақаларын қолданысқа енгізіп отыр. Салмағы 31,1 грамдық тиын ақшаның құны – 500 теңге. 925-ші үлгідегі күмістен жоғары сапалы әдіспен құйылған. Жалпы саны – 4000 дана. Ал нейзильбер қоспасынан тұратын тағы бір тиынның номиналы – 50 теңге.

Наурыз мейрамын шығыс халқы 5000 жылдан бері жаңа өмірдің, жақсылықтың жаршысы, табиғаттың жаңаруы ретінде тойлап келеді. Естелік теңгелердің қолданысқа енгізудегі мақсат – қазақ халқының дәстүрі мен ұлттық мәдениетін түсіну ұғымын кеңейту.