«Қазына» би ансамблі «Қазақ биі» байқауының бас жүлдесін алды

Сурет http://www.oks.kz сайтының мұрағатынан алынды

Өнерімен табындырып, талантымен тамсандырып, өзгелерді шеберлігімен мойындаттыра білген Шымкенттік «Қазына» этнографиялық би ансамблі тағы бір жетістікке қол жеткізді. Шара Жиенқұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған 4-ші Республикалық қазақ биі байқауында «Қазыналықтар» бас жүлдені иеленді.

Астана қаласында мамырдың 16-18 аралығында өткізілген өнер байқауында барлық қатысушылар үш қазақ биін билеген. Бишілердің өнерін таразыға салған қазылар алқасы да Қазақстан Республикасының өнеріне еңбегі сіңген әртістерден құралған. Би билеу шеберлігі мен қойылымдық жұмыстары ерекше деп танылған «Қазына» би тобы осылайша тағы да үздік екендіктерін дәлелдеді.

Оңтүстікте ұлттық өнерді ұлықтап, биіктен көрініп жүрген би ұжымын біз де құттықтаймыз!