Ашаршылықта қаза болғандарға арнап ескерткіш орнату қажет

326
Оңтүстіктегі қоғамдық бірлестіктер ашаршылық құрбандарына құран бағыштады

Тәуелсіздік саябағына облысымыздың  қоғамдық бірлестіктері жиналып бас қосу өткізді. Басты тақырып Кеңес үкіметінің қасақана қолдан ұйымдастыруымен елдегі 1931-33 жылдары орын алған ашаршылық жайлы болды.

Айта өтейік елімізде аштық салдарынан 281 мың 231 адам атамекені Қазақстаннан шетелге бассауғалаған. 4 млн. қазақ аштан қырылған.

Жиналғандар алдымен қаза болғандардың рухына бағыштап құран оқыды. Ұйымдастырушылар бүгінде ауыр жылдардың азабын тартқандарды ешкім танымайды және олар жайлы айтылмайды дейді.

Алдағы уақыттта сол жылдарға арналған ескерткіш орнатылуын өтініп, тиісті орындарға хат жолдайтындарын жеткізді. Өңірдегі бірлестіктердің мүшелері осылайша оймақтай ойларын бүкпесіз жеткізіп, өзара кеңесіп тарқасты. Алдағы уақытта бұл жиынның  нәтижесін білетін боламыз.

Аманқұл Күмісбекұлы, Республикалық  «Ұлт тағдыры» бірлестігінің төрағасы: «Мұнда тектен-текке жиналып отырған жоқпыз. Мұндағы көксегеніміз сол — ашаршылық құрбандарын еске алып, олардың ерліктерін дәріптеу. Сондықтан, ескерткіш орнатып, еске алып, оларға құран бағыштау — бізге артылған жауапты жүк деп білеміз. Өскелең ұрпақ та мұны сезінуі тиіс».