Боксшы Жайна жолдама үшін Қытайға аттанды

Бүгін Қытайдың Циньхуандао қаласында бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты байрағын түрді. Онда қазақстандық он бұрымды боксшы бақ сынайды. Мұнда үш салмақ дәрежесі бойынша олимпиадаға жолдама үлестіретіндіктен бәсеке өте тартысты өтетін түрі бар.

Олардың арасында жолдамаға үмітті спортшыларымыздың бірі оңтүстікқазақстандық Жайна Шекербекованы атап өткіміз келеді. Жуанжұдырықты боксшымыз 51 келі салмақ дәрежесінде Лондон лицензиясына таласып көрмек.

Жайна бұған дейін талай дүрмекте ысылған әккі спортшы. 2010 жылғы Азия чемпионы. Дүбірлі додаға ұлттық құраманы жоғары жаттықтырушы Вадим Присяжнюк бастап барды.