Оңтүстікте судан зардап шеккен 571 үй жөндеуді талап етеді

281

Топан су астында қалған үйлер қашан жөнделеді?

Облыс мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында су тасқынынан зардап шеккен аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар барысы сөз болды.

Бүгінде  аудандарда 571 үй жөндеуді талап етеді. 21 жол, көпірлерді қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 105 млн. теңге қарастырылыпты. Шаруашылық құрылыстарды жөндеуге 110 млн. теңге бөлінген. Мүлік және мал шығынын өтеуге де қаржы қарастырылған.

Мәжілісте ОҚО әкімдігінің және тексеру комиссиясының облыстық бюджеттің орындалу барысы жөніндегі есебі де тыңдалды.

Роза Исаева, облыстық қаржы басқармасының бастығы: «Облыстық бюджеттің орындалуы барысында бөлінген қаржыны игеруде кемшіліктерге жол берген бірқатар шенеуніктер қызметінен босатылып, қызметінде төмендетілді: Ибадуллаев Серікбай, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының  бұрынғы басшысы, Орманчина Альмира-облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы, қазір басқарма бастығының орынбасары, Нұржан Әлтаев -облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бұрынғы басшысы жұмысынан  босатылды».

Тұрақты комиссияларда қаралған мәселелер бойынша шешімдер облыстық мәслихаттың 4-ші сессиясында талқыланып, бекітіледі.