ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Шымкентке келіп, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы көшпелі отырысын өткізді.
Жиында жастарды қолдауға бағытталған шаралар айтылды. Мінбеге шыққан әрбір азамат жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Мәселен жастардың баспаналы болуына жағдай жасау, оларды жұмыспен қамту, жұмысқа қабылдағанда еңбек өтілі ретінде алған курстарда алған білімін ескеру, озат және белсенді студенттерді ынталандыру, ауылдық жастарға өз ісін ашу және кәсіпкерліктің негізіне үйрету мәселелерін қамту, жолкіре және спорт мәдени қызмет түрлерін пайдалану ақысын бойынша 50 пайыздық жеңілдік ұсыну болды.
Сонымен қатар, Дариға Нұрсұлтанқызы онкологиялық диспансерге де ат басын бұрмақ. Онкологиялық ауруға тап болған оңтүстікқазақстандықтарға көмек көрсететін орталық емдік және диагностикалық жаңа құрылғылармен қамтылған.
Биыл онда жүзге жуық ота жасалады деп күтілуде. Оның үстіне диспансердің жанынан хирургиялық бөлімнің ғимараты салынады деген жоспар бар. Ақпарымызды әлі де толықтыратын боламыз.