Мүмкіндігі шектеулі балаларға 1 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды

329
Шымкентте қайырымдылық аукционы өтті

«Шын жүректен». 26-мамыр күні, Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында осылай аталған қайырымдылық акциясы өтті. Игі бастама «Көксәйек» жарымжан балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету турасында ұйымдастырылды. Олардың қолөнер туындылары аукцион арқылы бағаланып, тиесілі қаражатпен өлшеніп төленді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қолымен жасаған дүниелері жиналған көпшілікті таң қалдырды. Жұмыстарды әркімнің сатып алуға мүмкіндігі болды. Олар 10 мың теңгеден бастап бағаланды. Іс-шара барысында аталған мекемеде тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі балалар өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ республикамызға танымал “Сәт” триосы Оңтүстік тұрғындарын әнімен әлдиледі. “Көнеміз ғой…”, “Жылама” әндерін сахна төрінде жұртшылықтың жүрегіне жеткізе орындады.

"Сәт" триосы "Көнеміз ғой..." әнін орындады көпшілік алдында

Оңтүстік өңірінде тұңғыш рет өткен шараға оқушылардың 120 еңбектері ұсынылды. Жұмыстар арсындағы «Тағдыр тауқыметі» қолөнер бейнесін 70 мың теңгеге бағалап, еншілеген «Фарм-орда» ЖШС-нің директоры Баян Панабекқызы көпшілік алдында туындыға тәнті болғанын жасырмады.

Таңғажайып тылсым сырға толы туындыларды дүниеге әкелген балалар бұн күнді асыға күтіпті. Келер күнннен күдерін үзбеген өнер иелерінің арманы асқақ. Бұл балалардан арманы турасында сұрағанымызда, олар болашағын тек өнермен байланыстырды. “Өнер жолы – ауыр жол” дегенімізбен, тағдырдың ащы арнасына төтеп беріп жүрген балалар бұл ауырды көтеруге бар.ұла бойы тазалыққа толы, арманы асқақ көңілі жарым балалардың өнерлері көпшілкке үлгі-өнеге. Олардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен, марқаятын өнерлері бар. Айта өтейік, бұл күні небәрі 2 сағаттың көлемінде «шын жүректен» жәшігіне 1 миллионға жуық қаражат түсіп үлгерді. Ұйымдастыруылардың айтуынша, қайырымдылық шарасы 1-маусым-балалар мерекесінде жалғасын табады.

Онғарбаев Нышанбай Мәлікұлы, «Көксәйек» жарымжан балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушісі: «Менің арманым – опера әншісі болу. Мен әзірге мұндай кең тынысты әнді орындай алмаймын, алдағы уақытта үйренуді жоспарлап жүрмін. Сондай-ақ мен үлкен болғанда барлық мұқтаж жандарға көмек көрсетемін, қалаған заттарын сатып әперемін. Тәрбиешіме де орамал сыйлаймын».

Баян Панабекқызы, «Фарм-орда» ЖШС-нің директоры: «Залда отырғанымда осы бір дүниеге қатты қызығушылығым ауды. Дені сау балалар жасай алмайтын еңбекке қарап-ақ көңілім босап, қанша тұрса да ұтып аламын деп шештім. Нәтижесінде, осы бір «Тағдыр тауқыметі» деп аталатын қолөнерді еншіледім. Тұңғиығы тереңде жатқан, биссерден тоқылған дүние көп нәрсені ұқтырғандай болады. Алдағы уақытта да «Көксәйек» жарымжан балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып, материялдық көмек көрсетуді жоспарлап отырмын».