Шымкент қаласында ұсақ малдарды қырым қанды қызбасына қарсы тоғыту жұмысы аяқталды. Жоспарланған 24 мың малдың 90 пайызға жуығы қамтылды, дейді сала мамандары.
Енді олар бір апта бойы түрлі себептермен дәріленбей қалған қой мен ешкілерді анықтап қайта дәрілемекші. Ал Ірі қараны бүрку 101 пайызға орындалыпты. Қора-қопсыларды дәрілеуде 280 мың шаршы метр көлемдегі жерлер қамтылды, күзде одан да көп жер дәріленбек.