Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

849

Ауа райы жылы оңтүстік өңірінде төртүлікті қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты ветеринария бөлімі арнайы кесте құрып, қажетті дәрілерді бөлу басталды.

Сала мамандарының айтуынша биыл 2 млн. 325 мың ірі қара 8 млн. 729 мың ұсақ мал 61 млн. шаршы метр қора қопсы мен 21 мың шаршы метр буферлік аймақ залалсыздандырылады. Осы шараға 50 тонна сұйық , 230 тонна ұнтақ дәрі қажет екен. Биылғы және бір ерекшілік кенеге қарсы қолданылатын дәрінің түрі өзгертілген. Айтуларынша жылда қолданылып жүрген «Делтометрин» мен «Полисардың» орнына белсенділігі күшті дәрі қолданылмақ .

Базарбек Омаров, облыстық ветеринария бөлімінің басшысы: «Биыл «Дуплекс плюс» ұнтағы мен «Кралин Х» сұйық дәрісін қолданамыз. Бұл дәрілердің кенеге қарсы белсенділігі күшті».

Бүгін облыстың ветеринарлары сол дәрінің белсенділігін арнайы зертханада тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы биылғы залалсыздандыру жұмыстары үшін бюджеттен 390 млн. теңге қаражат қаралыпты. Ол өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда артық. Көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмысына 600 маман жұмылдырылады.

Нұрлан Күдерұлы