Шымкентте шатыр ұшып, электр желілеріне зақым келді

235

Демалыс күндерінде желден зардап шеккендер қалалық диспетчерлік қызметіне хабарласқан. «Жаңа талап», «Қайтпас» елдімекендерінің тұрғындары жарықсыз қалған. Таңертең «Чапавкадан» хабарласқан зейнеткер тұрмыстық техникасының күйіп кеткенін айтып арызданған.

Мына ғимараттың шатырын төңіректегі тұрғындардың мәлімдеуінше жел демалыс  күні зақымдаған. Өтегенов көшесі бойындағы 3 қабатты нысан әлі пайдалануға тапсырылмаған. Жаңа шатырдың опырылып түскенін көрші көшеде үйдің шатырын жауып жатқан құрылысшылар оның сапасыз орнатылғанын алға тартуда.

Тасболат БЕКТАЕВ, Түлкібас ауданының тұрғыны, құрылысшы : «Шақпақ желінен шатырларды жұлып алған. Құрылысшылармен бағана негізі дұрыс орнатылмағандықтан осындай келеңсіздік орын алды. Материалдары шығындалып, еңбектері зая кетті. Немқұрайлықпен қарған тірлік осылай бітеді».

Үй төбесін жабушы сол күні ешкім де зардап шеккен жоқ дейді. Әбүйір болғандай жанында адам болмаған. Салғыртылық танытқан құрылысшылар енді шатырды қайта жабатын болды. Коммуналдық сала қызметкерлері жел қатты зақым келтірмеді. Алайда шығындалған тұрғындар баршылық дейді.

Нұрлан ЖАМАНКӨЗ, ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің энергетика секторының меңгерушісі: «Электр жарығы сөнгені және желілерінің үзілгені жайлы Ш.Қалдаяқов көшесі, «Жаңа талап», «Қайтпас», «Нұрсәт» шағынаудандарының тұрғындары қалалық диспетчерлік қызметке хабарласқан. Қазір ол жерлерде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары үзілген желілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде».

Қалалық диспетчерлік қызметіне әлі де қоңыраулар түсуде. «Чапаевка» елді мекенінің тұрғыны электр жүйесіндегі ақаудың салдарынан тұрмыстық техникасының істен шыққанын айтып хабарласқан. Энергетика секторының меңгерушісі бірде бір қоңырау назардан тыс қалмайды деп сендіруде. Ол үшін 53-00-15 қалалық «Шұғыл желі» қызметіне , не 53 45-15 энергетика секторына хабарласыңыздар деп ескертеді мамандар.

Қалалық диспетчерлік қызметі  мамандарының мәлімдеуінше 20 мамырда сағат 18.15-те ішкі істер департаментінен қоңырау шалған қызметкер «Ордабасы» алаңындағы туымыз құлап түскенін  хабарлаған екен. Коммуналдық сала қызметкерлері  жалауды орнына орнықтырды.