Ақын асаба Құрманай Бақтиярқызымен сұхбат

Асаба, ақын, әнші

Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылында дүниеге келген Оңтүстіктің ерке қызы Құрманай Бақтиярқызы жылда көрермендерін таңқалдырып келеді.  Құрманай жақында қызы Толғанаймен бірге қызының анасына деген махаббаты жайында дуэт болып жаңа ән жаздырды. «Егер ән халықтың ыстық ықыласына бөленіп көрермен көңілінен шықса онда жаңа әнге бейнеклип түсіремін»,-дейді Құрманай.

Құрманай Бақтиярқызы, әнші, асаба, ақын: «Мен негізінде расында да бір орында тұрмайтын жандардың бірімін. Қашанда ізденіс үстінде жүремін. Қазір той мезгілі ғой. Толассыз телефоныма қоңыраулар келіп түседі. Тіпті бір күнде бос күнім болмай жатады. Ал жақында шығармашылығыма 20 жыл толуына орай туып өскен ауылымда қой сойып, жасы келген қариялардан бата алдым. Бүгінде менің әндерімді орындап жүрген бірнеше өнер иелері келіп концерттік кеш берді. Әрине бұл мен үшін үлкен бақыт. Өйткені халық алдында жүріп еркелеп жүріп 20 жылдың қалай өткенін байқамайда қалыптық. Ал қазір Аллаға шүкір бәрі жақсы. Көзімнің ағымен қарасындай үш перзентім бар. Солардың амандығын тілеп, еңбек етіп жүрген жағдайымыз бар. Ал асабалық өнерім шыңдалуда. Бірнеше тойларға тіптім алдын ала тапсырыстар қабылдап қойғанмын. Олда маған деген халқымның алғысы шығар. Ендігі алға қойған жоспарларымның бірі өнерін бойына тұншықтырмай кіші қызым Толғанайды өнерге дайындау. Өйткені қызым ән айтуға құмар. Егер сәтін салса алдағы уақытта қаламызда «Ханшайым» атты сұлулық салонын ашсам деймін».