Кәріқұрлықта көптен күткен дүбірлі той басталды. Бразилия және Аргентинасыз әлем чемпионатына баланатын Еуропа біріншілігі Польша мен Украина жерінде қыза түсуде. 4 топқа бөлінген 16 команда 1 — шілде күні өзара мықтыларды анықтайды. 8 -маусым күні біріншіліктің шымылдығын Польша мен Грекия құрамалары түрсе, финалдық бәсеке 1- шілде күні Киевте өтеді. Атап өтерлігі, Еуроның ашылу салтанатын 150 млн. адам теледидардан тамашалаған. Енді чемпионаттың қызықты жәйттерімен бөлісейік.
Еурододаның қызықты матчтарына украиналық Фунтик есімді торай мен Польшаның Краков қаласындағы Читта есімді піл болжам жасамақ. Ал әлемге мәшһүр футбол жұлдыздарының бірқатары чемпионаттан тыс қалды. Атап айтқанда, Фрэнк Лэмпард (Англия), Давид Вилья, Карлес Пуйоль (Испания) сынды сайыпқырандарды біріншіліктен көре алмаймыз. Енді УЕФА басшысының пікірін естеріңізге сала кетейік. Мишель Платинидің пайымынша, Еуро-2012-нің фаворит командалары Германия мен Испания құрамасы.
А ТОБЫ В ТОБЫ С ТОБЫ Д ТОБЫ
Ресей Германия Испания Англия
Чехия Дания Ирландия Франция
Грекия Нидерланд Хорватия Швеция
Польша Португалия Италия Украина