Оңтүстік Қазақстан облысына Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жасұлан Естеміров келді.
Облыстың барлық аудандарынан келген 30-дан аса тұрғындар бұл күні коммуналдық, жекелей, азаматтық, әлеуметтік, жер телімі сынды мәселелер бойынша шағымдана алды.
Енді тұрғындардан алынған арыз-шағым істерін Жасұлан Тоққожаұлы Елордаға алып кететін болады. Мемлекеттік инспекторға арыз айта келген облыстың түкпір-түкпірінен келген тұрғындар мәселеміз созбалаңға салынбай тез әрі нақты шешілетін болды деп қуанып жүр. Осыған қарап, Оңтүстіктегі халайық жергілікті биліктің құр уәдесінен шаршаған-ау деп қаласың.
Айта өткен жөн, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы жыл сайын жоспарлы түрде облыстарда бір күннен қабылдау рәсімін жасайды.