Оңтүстіктегі БАҚ өкілдері өзара сайысқа түсті

234
Спартакиаданың алғашқы күнінде волейболдан жарыс өтті

Оңтүстіктің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері спорт алаңына шықты. Бүгін орталық стадионда баспасөз қызметкерлері арасында спартакиада басталды. «Отырар» мультимедиалық телеарнасының ұжымы да жыл сайын спорттық сында ептілігін сынға салады. Биыл отырардың жастары спорттың үш түрінен шеберлік танытуға тырысады.

Ардақ Жақсылықова, «Отырар» ТА жастар бөлімінің редакторы: «Біздің ұжымның жас тілшілері бұл спартакиадаға белсене ат салыссақ деп отыр. Өйткені, олардың бір қатары үшін бұл алғашқы жарыс. Сол себепті де жеңіске жетерміз деген ниеттеміз».

Биылғы спартакиада спорттың алты түрі бойынша өтуде. Он команданың әуесқой ойыншылары өз командасын алға шығаруға тырысады. Оның үстіне бұл жолғы жарыста сырттан әкелінген спортшыларға қатысуға тиым салып, қатаң бақылауға аламыз дейді турнир ұйымдастырушылары. Спартакиаданың алғашқы күні волейбол ойынымен басталды. 9 команда өзара үздіктерін анықтауда.

Кеңес Исмаилов, «Южный Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары: «Әріптестеріме сәттілік тілеймін. Жеңіске тек ептілер ғана жетсін. Ең бастысы жүлде емес, достық қарым қатынасты нығайту ғой».

Қыл қалам шеберлерінің бірі волейболда епті екенін байқатып жатса, енді өзгелері спорттық ойындардан алшақтау екеніне көзін жеткізгендей болды. Алайда басты мақсат достық қарымқатынасты нығайту екенін ескерсек – жеңіске жету кейінгі сатыға сырылады. СОндай ақ биылғы жылы Созақ ауданын да тілшілер қауымы облыстық спартакиадаға қатысуға арнайы келіпті.

Спартакиада алты күнге жалғасып, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне чемпиондардың есімі белгілі болады.