Бүгін саяси қуғын-cүргін құрбандарын еске алу күніне орай қаламыздағы Қасірет мемориалына жиналғандар олардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Таңертеңнен жиналған адамдардың қарасы көп болды. Солақай саясаттың құрбаны болған азаматтардың ұрпақтары мен жастар даталы күнді осында атап өтуді жөн көріпті.
Ақ самайлы аналар нәубетті жылдарда елі үшін жанын қиған, өзгенің ермегіне айналып, халық жауы атынып, атылып кеткен ұлдары туралы естіліктер айтып берді.
Миллиондаған апталдай азаматтардың өмірін қиған қаралы жылдарды ұрпағы ұмытпақ емес. СОл сәттерге куә болған, атылып кеткен құрбандардың ұспақтары да мемориалға жинады.
Әскерилер репрессия құрбандарына тағзым етіп, аспанға үш рет оқ атты.