Шымкенттік жарымжан балаларға мерекелік көңіл күй сыйланды

366
Шымкенттік мүгедек балалар концерттік кеш тамашалады

Бүгін Шымкентте жасы 18-ге толмаған  жарымжан, мүмкіндігі шектеулі балақайларға арналған концерттік шара болып өтті. Облысымызда жалпы саны 800-ден астам осындай дертке шалдыққан жеткіншектер  қоғамның көмегіне зәру. Сондықтан көптеген игі  шаралар ұйымдастырылып,  көңілдерін көтеруді жөн санапты қалалық мүгедектер  қоғамы.

Шымкенттегі барша мүгедектің басын қосқан кеште ойын ойналып, әсем ән де тыңдалды. Ата-аналары мұндай шаралардың жиі болуын өтінді.  Анығырақ айтсақ, олар балаларының  қоғам назарынан тыс қалғанын мүлдем қаламайды. Айта өтейік, бүгінде жарымжан балаларға мемлекет тарпынан 17 ооо теңге (он жеті мың) қаражат қаралған. «Бұл 17 000 теңге баламыздың дәрісіне де жетпейді, денсаулығына баса назар аударамыз дейтін мемлекет осы мәселеге немқұрайлы қарамаса екен» деген назын айтты ата-аналар.

Нұржамал Халикулова, қала тұрғыны: «Ұлым Рауан туылғанынан осы бір аты суық дертке шалдықты. Міне, сол уақыттан бері жүрегімізге орнаған жара жазылар емес. Бүгінде 3 балам бар.  Десе де тұғышымның денсаулығы осындай болғандықтан, жүзімнен күлкінің сызы да білінбейді. Тағдырдың салғаны осы болар. Бірақ  билік тарапына айтарым бар. Әр айда көмек ретінде ұсынылатын қаражат баламның дәрі-дәрмегіне жеткіліксіз. Алдағы уақытта осы бір мәселені қолға алып, бұ балардың да болашағына жол ашылса екен деймін. Бұлар да белгілі бір мамандықты игеріп, өз нандарын тауып жегенін қалаймын. Сондықтан, жақсы күтімді қажет ететін жарымжан балаларға көмек қолын мейлінше созса екен деген тілегім бар.

Вадим Торопов, қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы: «Біз әрдайым мүгедек жандар мен балаларға көмек қолын созудан немесе көңілдерін көтеріп, мерекелік күй сыйлаудан жалықпаймыз.  Қарап отырсам, барлығы мәз мейрам болып, сусындар ішіп, рухани ләззат алуда. Біз мұндай шараларды бірінші және соңғы рет өткізіп отырған жоқпыз. Алдағы уақытта да бұл балаларға қуаныш сыйлап, өмірлерін мәнді етуге бар жігерімізді жұмсайтын боламыз».