Жаңа әкімдер ант берді

320

Облыстық әкімдікте жаңа тағайындалған мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер ант қабылдады.

Ел алдындағы міндеттері мен парызын адал атқаруға, мемлекеттік мүддені бәрінен жоғары қоюға 27 шенеунік ант берді. Олардың арасында Кентау және Түркістан қалаларының, Қазығұрт, Сарыағаш, Созақ аудандарының жаңа әкімдері бар.

ҚР мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастық алдындағы елдің беделін нығайтуға ант бергендер арасында облыс әкімі аппараты баспасөз қызмететінің жаңа басшысы Оспан Бейбіт Тынымбайұлы да болды.