Шымкентте «Жыл шебері-2012» байқауы болып өтті. Оңтүстіктің техникалық және кәсіптік орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері бақ сынасқан жарыс 3 күнге ұласты. 34 үміткер алғашқы күні өздері намысын қорғап келген оқу орнының студенттерімен бірлесіп жасаған бұйымдарды қазылар алқасының назарына ұсынды.
Ауылшаруашылық, құрылыс, техникалық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша өткерілген байқау облыста тұңғыш рет ұйымдастырылды. Жарысты өткізудегі мақсат өндірістік, кәсіптік мамандық иелерінің шеберлігін шыңдау дейді қазылар алқасы.
Мықтылар жарысқан сайыстың 3-күнінде нағыз шеберлер де белгілі болды. Ақшалай сыйлықтармен марапатталған өндірістік шеберлердің бұл сайысы үшін облыстық бюджет 5 млн. теңге бөлген. Үшінші орынды иеленген шеберге 60 мың теңге берілсе, екінші орынды жүлделегендерге 90 мың теңге сыйақы, ал 255 мың теңгені ең үздік деп саналған 4 шебер қанжығалады.
«Жыл шебері — 2012» облыстық байқауының І, ІІ,ІІІ,ІҮ кезеңдерінің нәтижелерін сараптау негізінде:
Құрылыс саласы бойынша:
1-ші орын — №7 кәсіптік лицей өндірістік оқыту шебері — Отызбаев М.Т. (255 000 тг)
2-ші орын — №2 кәсіптік лицей оқушысы — Артықбаев Ф.Ш. (90 000 тг)
3-ші орын — №18 кәсіптік лицей өндірістік оқыту шебері — Айдапкелов Қ.А. (60 000 тг)
Техникалық сала бойынша:
1-ші орын — Техникалық колледж арнайы пән оқытушысы — Маулетов Қ.Қ. (255 000 тг)
2-ші орын — ОҚ Политехникалық колледж оқушысы — Сунгуров М.А. (90 000 тг)
3-ші орын — №4 кәсіптік лицей арнайы пән оқытушысы — Биболатова М.Ж. (60 000 тг)
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша:
1-ші орын — М.Әуезов ат.ОҚМУ колледж арнайы пән оқытушысы — Курбанова К.С. (255 000 тг)
2-ші орын — Шымкент аграрлық колледж арнайы пән оқытушысы — Салыбекова С.Т. (90 000 тг)
3-ші орын — Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледж арнайы пән оқытушысы — Қамбаров З.Қ. (60 000 тг)
Қызмет көрсету саласы бойынша:
1-ші орын — Түркістан гумманитарлық техникалық колледж арнайы пән оқытушысы — Омарбаева Қ. (255 000 тг)
2-ші орын — №5 кәсіптік лицей арнайы пән оқытушысы — Құрбанбай Л.К. (90 000 тг)
3-ші орын — №6 кәсіптік лицей оқушысы — Алещенко А. (60 000 тг)
Айта өткен жөн, байқауға ел назарына ұсынылған заттар әділ-қазыларды да бей-жай қалдырған жоқ. Оларды бұйымдардың бүгінгі қолданыста да пайдалануға болатыны таңқалдырды.