Мектеп өмірі- жарыққа шыққалы жатқан жаңа фильмнің негізгі желісі. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының кеңінен насихаттауды мақсат еткен фильмде ойнайтын актерлар іріктеуден өтті. Олардың арасында әншілер, белгілі театр әртістері бар. Мектепте өтетін қиында, қызықты сәттерді көрсететін туындының сценарийі жазылу үстінде. Бірер күнде дайын болады екен.
Уәлибек ӘБДІРАЙЫМОВ, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры, әрі жаңа фильмнің режиссері: «Бұл менің алғашқы жұмысым. Бірақ бұған дейінде кинолармен жұмыс жасағанбыз. Тек жеке алғашқы жұмысым деп айтсам болады. Бәрі де 14-тамыз күні белгілі болмақ. Рас іріктеулер өтті. Актерлер таңдалды. Енді сценариді күтудеміз. Сәтін салса сценарий дайын бола салысымен ақ түсірілім басталады. Ал негізгі желісі ауыл мектептерінің тыныс тіршілігі. Бәріміз де ауылдан шыққанбыз ғой. Ауыл мектептерінде сабақ та бердік. Енді сол ауыл мектептерінің тыныс-тіршілігін коммедиялық жанрда көрсетсек дейміз. Жаңа фильде өнердегі әріптесім Жүсіп Ақшораев та басты рольдердің бірін сомдайтын болады».