Имамдар Құран оқудан жарысты

Қадір түні қарсаңында облыстық «Қаттани» мешітінде Құран оқудан жарыс өтті. Мұндағы мақсат – аудан-ауылдардағы имамдардың, діни қызмет өкілдерінің сауаттылығы мен білім-біліктілігін көтеру. Сайысқа 15 ауданның жеңімпаздары қатысып отыр. Олар исі мұсылман үшін қасиетті кітапты өздерінің қаншалықты меңгергендерін сынға салады.

Орталық «Қаттани» мешітінің бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы бұл сайыстан имамдар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, сайыс жеңімпаздары өздерінің білген, көкейге түйгендерін басқа иамамдарға үйрететінін айтады.

Бұл сайыстың басқа жарыстардан ерекшелігі – тек діни басқарма берген куәлігі бар имамдар ғана қатысады. Анарбеков Мұрат Сайрам ауданынан келіпті. 7 жасынан бастап Құранның параларын жаттаған ол «Мақсатым – жеңімпаз атану емес, Аллаһтың аманаты – Құранды ел арасында насихаттау» – дейді.

Өңіріміздегі кейбір аудандардың имамдарының білім деңгейі төмен екені жасырын емес. Соның салдарынан кейде түрлі пікірлер қалыптасып, орынсыз жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан бүгінгідей имамдардың пайым-парасаты мен білімдерін шыңдайтын жарыстардың жиі ұйымдастырып тұрудың пайдасы зор.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=K-vdZL8svS4[/youtube]