«Денсаулық — баршаға» . Осындай ұранмен Алматы, Семей, Шымкенттің дәрігерлері экологияның адам ағзаcына әсерін анықтады. Бірнеше жыл бойында олар ауа, топырақты тексеріп, сондай-ақ ел аймақтарының урбанизациялану мәселесін де зерттеді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы негізінде медицина саласының мамандары тұрғындардың денсаулығын бақылау-басқаруды өгертуге дайын.
Қалаланған аймақтарда өмір сүру денсаулық үшін қауіпсіз емес. Аудағы түрлі химиялық қоспалардың арқасында адам ағзасы ондаған ауруға шалдығады. Әсіресе, транспорт және өндіріс қалдықтары адам денсеулығына ең зиянды шығарындылар. Міне сондықтан да, тұрғындардың денсаулығын басқару ісі дәрігерлердің семинарында басты тақырыпқа айналды. Олар урбанизацияның залалын анықтау үшін 3 жыл бойында зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Зулкия Намазбаева, медицина ғылымдарының докторы: «Ауадағы түтін тәріздес заттар токсинді, сондықтан да жүрек, бауыр аурулары мен эндокринді сырқатқа шалдыққандар көп».
Мамандар облыстың бірнеше ауданын зерттеген. Әсіресе, тау-кен жұмыстары жүргізілетін Оңтүстіктің Созақ жеріндегі Шолаққорған ауылын. Онда тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізетін климаттық жағдай барын анықтады дәрігерлер.
Дархан Әбітаев, өндіріс гигиенасы лабороториясының жетекшісі: «Бұл аймақта жасыл желек өсіру қажет. Өндіріс қалдықтарын реттеу керек. Сондай-ақ экотіректердің де жұмысын жандандырған абзал. Созақтағы Шолаққорған жерінде жасыл ағаштар тым аз».
Бірақ қол қусырып қарап отырмай, дәрігерлер жағдайды дұрыстауға шақырады. Және ол қиын да емес деп сенеді ақ халаттылар. Бірақ ол үшін инвестиция тарту керек. Алдымен әркім өз денсаулығын өз қолында екенін ұмытпағаны дұрыс.