Жаңалықтар 

Мектептегі тегін тамақтың талабы бекітілді

Мектептегі ыстық тағамның сапасы сын көтермейді. Біраз ата-аналар осылай дейді. Жаңа оқу жылы бастала салысымен мектептегі оқушылардың бірқатары тегін ыстық тамақпен қамтылған болатын. Алайда дәмі жоқ тағаммен, сылдыр су шырыны біразының қытығына тиіп үлгеріпті. Сондықтан да қалалық білім бөлімінің басшысына шағымданып үлгерген. Осыған орай бөлім бастығы Жанат Тәжиева оқушыларға арнап, ас пісіретін кәсіпкерлердің басын қосып, талап қойды. Бір апталық ас мәзіріндегі тәтті тамақтың барлығы оқушылар үшін. Бүлдіршіндер күнде шырын мен сылдыр сұйық сорпа болса да мектептен тамақ ішкендеріне риза. Бастауыш сыныптың оқушысы Зарина Ырысбек мектепте картофель пюресін жақсы көретінін алға…

Read More
Оқыс оқиға 

Жасөспірімді атып кеткен күдікті қолға түсті

Шымкенттегі көлік және жаңа технологиялар колледжі маңындағы болған қылмыс ашыла бастады. Онда үш жасөспірімді Мерседес көлігін мінген белгісіз біреулер шолақ мылтықпен атып кеткен болатын. Салдарынан 1994, 1995 жылғы жеткіншек дене жарақатын алып, 1996 жылғы бала жан тәсілім еткен еді. Қазір осы қылмысқа қатысы бар бір күдікті ұсталып, қалған екеуіне іздеу жарияланды. Ал қаладағы №15 мектеп маңында болған оқиғаға қатысты күдікті анықталып, іздеу жарияланған. Бірақ бұл іске қатысты арызданушы жоқ дейді ІІД-нің өкілі. Еске салсақ, мұнда да өткен жұмада жасөспірімдер атысқан болатын. Айта кетейік, жыл басынан бергі сегіз айда түрлі текетірестен…

Read More
Оқыс оқиға 

Жер үшін ағайынын өлтірген азамат 22 жылға сотталды

Жер үшін ағайынын жер жастандырған азамат 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында туысқандар суармалы жердің бөлісе алмай, өзара дауласып, нәтижесінде 1967 жылғы тұрғын туған ағасы мен оның баласын мылтықпен атып өлтірген болатын. Сондай-ақ, ағайынының қызы мен тағы бір ұлын өлтіруге әрекеттенген еді. Сот осы мән-жайдың бәрін ескере отырып, айыпталушыға 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.  

Read More
Жаңалықтар 

«Южполиметалл» АҚ мемлекетке 62 млн теңгеден астам ақша төлеуі тиіс

Шымкенттегі «Южполиметалл» АҚ мемлекеттік БАЖ салығына 62 млн теңгеден астам ақша төлеуі тиіс. Мұндай шешімді Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. Белгілі болғанындай, атақты қорғасын зауытының «Қазақстанның даму банкінің» алдында миллиондаған АҚШ доллары көлемінде берешегі бар. Ол ақшаны бір емес бірнеше жылдар бойы төлемей келген.   Қорғасын зауытының басшылары банктің қарызды қайтару жөніндегі талабына түрлі сылтау айтып, бірнеше жылға созған. Осыдан кейін аталмыш банк зауыт қожайындарын сотқа беріп, талап арыз түсірген. Бірақ акционерлік қоғам басшылары алаңдауға еш негіз жоқ, қарызды уақытылы қайтарамыз. Бұл жерде банк қызметкерлерінің байбаламы негізсіз деп…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте денсаулық фестивалі өтті

Сенбі күні жерлестеріміз Ордабасы алаңына жиналды. Мұнда «Мен, сен және ол — біз салауатты ел» ұранымен «Денсаулық 2012» фестивалі ұйымдастырылды. Қала халқы мен қонақтары осындағы дәрігерлерден кеңес алып, денсаулықтарын тексертуге мүмкіндік алды. Оқушылар, ұстаздар мен мемлекеттік қызметкерлердің барлығы бұл күні спорттық киім үлгісінде жүр. Бір сәт жұмыс пен сабақтарынан босаған олар «Мен сен және ол — салауатты елміз» деп ұрандатып, Ордабасы алаңына жиналды. Жазғы олимпиада ойындарында 5-ші орыннан көрінген жерлесіміз Біржан Жақыповтың саптаулы сөздері де жиналғандарға рух бергендей. Солардың ішінен 5 отбасы өздерінің шымыр да шыныққан жанұя екендігін байқатты. Фестиваль…

Read More
Жаңалықтар 

ДСҰ-ға ену Қазақстанға үлкен міндет жүктейді

Солтүстіктегі алып көршіміз 17 жыл зарыға күткен межесіне ақыры жетіп тынды. Кедендік Одақ бойынша серіктесіміз Ресей енді ДСҰ-ның (Дүниежүзілік сауда ұйымы) ресми мүшесі. Ал Ресеймен Бірыңғай экономикалық масштабқа ұмтылған Қазақстанның тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің тағдыры алаңдатады бізді. Қазір елдегі бизнес өкілдері әрі-сәрі күйде. ДСҰ-ның босағасында сығалап тұрған еліміздің кәсіпкерлерін не күтіп тұр? Ресми деректерді сөйлетсек, бүгінде ұйымның құрамында 150-ге таяу ел бар. Посткеңестік елдерден Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина белді ұйымның қатарында. Әзірге, біздің елімізді қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіруге ниетті. Ал ұйымға мүше елдердің…

Read More