Жаңалықтар Компания жаңалығы 

Қажылық — туристік саяхат емес

Мұсылман жамағатына парыз етілген үлкен қажылық сапары да басталғалы тұр. Бұл сапардың мән-маңызы өзгелерден ерек. Қалталы мұсылман қауымға парыз етілген айрықша ғибадатқа дайындық қалай жүргізілуде? Биылғы қажылықтың ерекшелігі неде? Әуелі ғибадат жайында түсініктеме бере кетейік. Қажылық — арабтың » حَجّ‎ хаддж», яғни «қасиеттi жерге баруды ниет ету» деген мәнге ие. Әрбір мұсылманның мойнына жүктелген бес парыздың бірі. Шариғатта кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы мығым, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылмандар ғибадаттың осы түрін өтей алады. Оның парыз етілгендігін қасиеттi Құрандағы: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз («Әли-Имран» сүресi, 97…

Read More
Жаңалықтар Спорт 

Паралимпиадада пәрменді емеспіз

Тұманды Альбионда XXX Жазғы олимпиада ойындарының соңынан іле-шала дене бітімінде кемістігі бар спортшылардың (Паралимпиада) дүбірі басталып кетті. 29- тамыз күні алауы тұтанған дода бел ортасына таяды. Бәсірелі бәсекенің арасында қазақстандық спортшылар да бар. Біздің сайыпқырандар қай межеден көрінер екен? Мұның жауабын бір аптадан кейін білетін боламыз. Олимпиада ойындары тамыздың 29-ы түн ауа (Лондон уақытымен) салтанатты түрде ашылды. Төрт жылда бір келетін ұлы дүрмекті тамашалағандардың қатары қалың. Сапырылысқан стадионға 80 мың көрермен жиналды. Британдық режиссерлер бұл жолы да Ұлыбританияның тарихын, ғылымына қатысты ғажайып қойылымдарды әлем назарына ұсынды. Әйгілі Исаак Ньютонның алмасы…

Read More