Жаңалықтар 

Оқу жылына дайын емес

Мақтаралда жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар арасында дау туындады. Осы аудандағы “Бірлік” жалпы орта мектебінің мұғалімдері 1-ші қыркүйекке дайындалудың орнына ауыл көшелерінің шөбін шауып, білім ошағын жөндеуден бас көтермегенін айтып, арыздануда. Ал 35 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген мектепке бөлінген 47 миллион теңгеге жуық қаржы жылу жүйесі мен терезелерді жаңартудан артылмапты. Шаруашылық ісі жөніндегі маманы ұстаздарды тамыздың ортасында жұмысын аяқтаған құрылысшылардан қалған қоқысты шығаруға мәжбүрлепті. Сметалық құжаттар кешігуінен жөндеу жұмысы кеш аяқталған мектептің дәрісханаларын ұстаздардың өздері жөндеуге көшкен. Талай жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген білім ұясына бөлінген…

Read More
Жаңалықтар 

Полицейлер тұрғындармен танысуды бастайды

Қыркүйектің 1-інен Қазақстанда «Участок» атты алдын-алу, жедел әрекет ету игі-шарасы басталды. Учаскелік полиция қызметкерлері өзіне бағынысты аумақ тұрғындарымен етене жақын таныс-біліс болулары тиіс. Осыған байланысты енді есігіңізді полиция қызметкері қағып, «Сізбен танысқым келеді» деп тұрса таңданбаңыз. Олар үйіңізде кімдер тіркелгенін, қанша адам тұратындығын сұрауға құқылы. Сонымен бірге базарлар мен құрылыс нысандарындағы жұмысшылар да тексерілмек. Кім, қайдан келді, не істеп жүр? Осы сауалдарға жауап алынбақ. Бұл өз кезегінде қылмыстың алдын алуға, әрі орын алған жағдайда қылмыстың тез ашылуына өз септігін тигізетін көрінеді.

Read More
Жаңалықтар 

Созақтық полицей парамен ұсталды

Қаржы полиция қызметкерлері Созақ аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшыларын пара алып жатқан жерінде құрықтады. Қолға түскендер – криминалды полиция бөлімшесінің бастығы мен бөлім бастығының жедел-қызмет жөніндегі орынбасары. «ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы және Қаржы полициясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының кезінде Шымкенттегі дәмханалардың бірінде 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде Созақ АІІБ бастығының жедел-қызмет жөніндегі орынбасары мен криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы ұсталды» делінген облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.  Тәртіп сақшыларын ұстауға оңтүстікқазақстандық кәсіпкер әйелдің арызы себеп болған. Күдіктілер шағымданушыға «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан мұнай ұрлағаны үшін…

Read More
Оқыс оқиға 

Енесін бауыздап өлтірді

Сарыағаш ауданында өз енесін бауыздап өлтірген күйеубала қамауға алынды. Полиция қызметкерлері қылмыс орын алғандығы жөнінде хабар жетісімен тез арада әрекет еткен. Тамыздың 28-і күні Сарыағаш ауданының тұрғыны, 1955 жылы туған А. деген азаматшаны өз күйеубаласы бауыздап өлтірген. Полицейлер қылмыскердің ізін суытпай қолға түсіреді. Күдікті ретінде қолға түскен 1985 жылғы жігіт. Ол өлген әйелге күйеубала болып келетіндігін, әйелі екеуінің арасындағы ұрыс-керістің соңы осылай аяқталғанын айтып берген. Әйелі өзге біреумен көңіл қосып, мұнымен ажырасатындығын айтып, төркініне кетіп қалады. Қаншама рет татуласуға әрекет еткенімен, еш нәтиже шығара алмай салы суға кеткен жігіт тағы…

Read More
Жаңалықтар 

Көршілер жерге таласуда

Редакциямызға Бәйдібек ауданы Ақтас ауылының тұрғыны Шернияз Кенжетаевтан хат келіп түскен болатын. Арыз иесі Бейсен Жарқынбаев екеуінің арасындағы жер дауын жазыпты. Хат авторы Шернияз Кенжетайұлы аумағы 2 гектарды құрайтын «Қаңтарбай» деген жер учаскесіне шешім шығара алмай жүр екен. Сол кездегі Борлысай ауыл округінің әкімі Қ.Бердалиев пен жер инспекторы Т.Батырбековтың егуге жер бөліп беріп, артынша шешім шығармаған. Шешім шығару үшін аудандық жер комитетінің бастығы Ә.Алмабаевтың алдына барғанда, ол «еге беріңіз» деп шығарып салған екен. Бұл кісі басшылардың сөзіне сеніп көктемде 1 гектар жерге көкөніс еккен. Көктемде жайқалып өсіп келе жатқанда Бейсен…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкент адам танымастай өзгереді

Өткен аптада облыс әкімі Асқар Мырзахметов бір топ сала мамандарымен қаладағы әлеуметтік нысандарды аралады. Алғашқы нысан — «Нұрсәт» шағынауданындағы жылу насос станциясы. Өткен жылу беру маусымында электр жарығы жиі өшірілуі салдарынан станция істен шыққан болатын. Биыл да сондай күрделі жағдай орын алмас үшін қала әкімі Қайрат Молдасейітов бірқатар шараларды қолға алғандығын жеткізді. Облыс басшылығы алдында 2012-2013 жылғы жылу беру маусымына дайындық бойынша есеп берген Қ. Молдасейітов жылу құбырларының жөндеу жұмыстарына биыл 947 млн. теңге бөлінгенін айтты. Оның ішінде 170 млн. «3-Энергоорталық» АҚ-ның жеке инвесторлары берсе, қалған 770 миллион теңге бюджеттен қарастырылған….

Read More