Жаңалықтар 

Ұлдары оққа ұшқан ата-аналар колледжді айыптап отыр

Шымкенттегі «Көлік және жаңа технологиялар» колледжінің маңында болған атысқа қатысты шу шықты. Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы аптада колледж маңында үш жасөспірімге белгісіз біреулер оқ атқан болатын. Оның екеуі дене жарақатын алса, бір жеткіншек ауруханаға жетпей қайтыс болған еді. Сол балалардың ата аналары қылмыстық іске жол берген деп колледжді айыптап отыр. Н. есімді жасөспірім — қыркүйектің 6-сы күні болған атыстан зардап шеккендердің бірі. Күндізгі сағат он екілер шамасында дүкеннің алдында болған атыста қолы мен белінің тұсына бытыра тиіп, бес сағат бойы дәрігерлер оның өміріне араша түскен.  «Сабақтан шығып, досым екеуміз дүкеннің…

Read More
Жаңалықтар 

Шардараның өз мақта зауыты болады

Қазақстандағы соңғы заманауи үлгідегі ең алғаш мақта зауыты Шардара ауданының Ұзыната ауылында салынып жатыр. Шаруалардан қабылданған мақтаны өңдейтін кәсіпорында талшық пен мамық, шит секілді дайын өнімдер шығарылатын болады. Бұл май және тоқыма зауыттарының таптырмас шикізаты. «Ұзыната мақта» ЖШС-гі салып жатқан мақта зауытының жалпы құны 6 миллион АҚШ долларынан асады. Соңғы үлгідегі технология, компьютерлік бағдарламалар қолданылған зауыт автоматтық жүйеде жұмыс істейді. Яғни, мақтаның сапасын жабдықтың өзі анықтап, өзі өңдейді. Оператор тек тетікті басып отырса, болғаны. Жанқозы Оспанов, «Ұзыната» мақта зауытының бас инженері:» Америка мен Қытайдан шыққан технологиялар заманауи үлгідегі қондырғылар. Адамның денсаулығына…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте жылжымайтын жеке мүлікті түгендеу басталды

Шымкент қаласындағы тіркеуден өтпеген жылжымайтын мүліктерді анықтау басталды. Қала әкімінің шешімімен арнайы құрылған жұмысшы тобы үш ауданда қанша үй мүлікті тіркеу орталығына тіркелмегенін тексереді. Сондай-ақ үй егелеріне мүліктерін тіркеу ережелерін түсіндіреді. Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөнінде кеңес беруге шыққан жұмысшы тобы ә дегеннен-ақ кедергіге тап болды. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі жұмыста немесе жеке шаруасымен үйінде жоқ болып шықты. Ал үй қызметшілерінен мамандар сұрақтарына жауап ала аламайды. Қаладағы тағы бір келеңсіздік көше атаулары дұрыс жазылмауы салдарынан орын алды. Қала әкімдігіндегі ақпарат бойынша Шымкент қаласында 153 мың жеке мүлік ,көпқабаты үйлер мен гараждар…

Read More
Жаңалықтар 

Пәтер жалдаушылардың жауапсыздығынан жертөлелер толып қалуда

Тұтынған судың ақысы толық төленбей жатыр! «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-нің мамандары осылай деп дабыл қағады. Нақты айтқанда, көпқабатты үйлердегі жертөлелерге кіріп, өлшегішті қарау мүмкін емес. Себебі, кейбіреулерін су басқан. Асанбай Асқаров көшесіндегі №43 үйдің жертөлесінің жағдайы мынау. Мұндағы су есептегіштегі көрсеткішті есепке алмақ түгілі, маңына жақындау мүмкін емес. Өйткені, ағын су толып қалған. Меруерт Нұрланқызы, Асқаров көшесіндегі №43 үйдің тұрғыны: «Астының бәрі шылқып жатыр, нам. Үйімнің артынан көрсем, мусор, таракандар шығып жатыр. Сасық иіс шығады бізден. Міне осы мәселені шешіп берсе деймін.Өзіміз де көмектесеміз.» Қалада су мекемесінің бас ауруына…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкент көшелерінде жаңа автобус көрінбейді

Қаладағы жол жүру ақысын айтып жүріп 10 теңгеге қымбаттатқан тасымалдаушылар жолаушылардың жағдайын жасаймыз деген болатын. Алайда, Шымкент көшелерінде жаңа автобустар көрінбейді. Сонда, келісім-шарт мемлекет тарапынан жүзеге асқанымен, компаниялар өз уәделерінен тайқыды. Қоғамдық көліктердің бағасы көтерілгенімен, сапасы сын көтермейді. Қала көшелеріндегі ескі автобустар тұрғындардың есін шығарды. Шымкенттік жолаушылар қашан жаңа автобусқа мінеді? Бұл сұрақтың жауабы биылғы жылы шешілмейді. Себебі жолақысы 45 теңге болғалы ештеңе өзгерген жоқ. Сол сақырлаған автобустар, оларға лық толған жолаушылар, дөрекі жүргізушілер мен кондукторлар — бәз-баяғы қалпында. Санаулы орындықтары былай тұрсын, бір аяқтап тұрып, баратын жеріне ит қорлықпен…

Read More
Жаңалықтар 

Асқаровтың №1 көмекшісі

Газетіміздің «Қайдасыз?» айдарының бұл жолғы кейіпкері — Исмат Тұрсынқұлов. Ол- ОҚО, Қазығұрт ауданы, «Алтынтөбе» кеңшарында 1941 жылы туылған. Қазақ Ауылшаруашылығы институтын бітірген соң, еңбек жолын өз мамандығы бойынша «Сельэнерго» электр жүйелерінің Жамбыл, қаратау басқармаларында бастады. Сосын Шымкент облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Ленгір аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитеті қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Алғабас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық ауыл-шаруашылығы департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. – Исмат аға, көрінбей кеттіңіз ғой, қазір қайда жүрсіз? – ҚСД «Ауыл» партиясынын ОҚО-дағы бөлімшесіндемін. – Бұл партия тарап кеткен шығар деп ойлаушы едім… –…

Read More