Жаңалықтар 

Жұмағали Исмаиловқа сөгіс жарияланды

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстың денсаулық сақтау басқармасының бастығына арнайы комиссия жүргізген жұмыстың нәтижесі бойынша сөгіс жариялады, деп жазады облыс әкімінің ресми сайты. Жұмағали Исмаилов Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамағаны үшін сөгіс алды. Жұмыс тобы Денсаулық сақтау басқармасының 45 дәрігерімен әңгімелескен. Нәтижесінде, дәрігерлердің көпшілігі Исмаиловқа басшы ретінде оң бағасын берді. Ал қызметінен босатылған үш дәрігердің ісін тексерген комиссия жұмыстан босатудың заңдылығын тексеріп, олардың ісін қайта қарауды ұсынды. Алмасбек МАМЫТБЕКОВ, «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары: «Үш бас дәрігердің жұмыстан босатылуы бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс берілді. Ол бойынша ешқандай заңбұзушылықтар анықталмаған….

Read More
Жаңалықтар 

Облыстық опера және балет театры маусымын ашты

Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арнап, облыстық опера және балет театры V театр маусымының шымылдығын түрді. Көрермендерге ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» комедиялық операсы ұсынылды. Қазақтың тұңғыш комедиялық жанрында жазылған шығарма осыған дейін көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген. Операның режиссері Иманәлі Сапаров. Ұжымның бесінші маусымға жаңа жоспарлары бар. Бауыржан РАХМАНОВ, Облыстық опера және балет театрының директоры: «Биыл мерейтойлық бесінші маусымды ашып отырмыз. Сондықтан Сыдық Мұхаммеджановтың ретро операсы «Айсұлу» арнайы қойып отырмыз. Енді болашаққа жоспарлап отырғанымыз, Латиф Хамидидің «Абай» операсы. Бұдан бөлек Ресейге гастрольдік сапармен…

Read More
Жаңалықтар 

Облыстық көркемсурет галереясында көрме-байқау ашылды

Облыстың 80 жылдық мерейтойына Оңтүстіктің суретшілері мен қолөнер шеберлері де атсалысуда. Көркемсурет галереясында «Құт мекенім — Оңтүстік» көрме-байқау өткізілді. Қылқалам мен қолөнердің шеберлерінің туындылары бәйгеге түскен бұл көрмеге қатысушылардың жас ерекшілігіне шек қойылмаған. Туған өлке табиғатының тылсымдарын бейнелеу өнерімен бедерлеген суретшілер мен өз туындыларына тіл бітірген қолөнер шеберлері арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ұзақбай Көшкінбаев, бейнелеу өнері бойынша бас жүлде иегері: «Мен туған жерімнің табиғатының тамашалығын суреттегім келді. Біз суретшілер қауымы сөзге шоқақпыз. Біздің картиналарымыз сөйлейді біздің орнымызға. Не істесем де өнердің өркендеуіне үлес қоссам деген тілектен туған». Әшірбек Желдібаев, қолданбалы қолөнер…

Read More
Жаңалықтар 

30 қыркүйек — Әділет органдарының төл мерекесі

30 қыркүйек — Әділет органдарының төл мерекесі. Осыған байланысты ОҚО Әділет департаменті қызметкерлері тұңғыш рет өз кәсіби мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Әділеттіліктің ақ туын төмендетпейтін орган мамандары мерекені жетістіктермен жақсы жаңалықтармен қарсы алып отыр. Мұхтар  Әбдезов — жас маман. ОҚО Әділет департаментінде қызметке кіріскеніне тура 1 жыл болған ол мамандығын мақтаныш тұтады. Қызығы мен қиындығы мол әділет органдарында жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті жүктейді дейді жас маман. Мұхтар Әбдезов, ОҚО Әділет департаментінің бас маманы: «Мен зияткерлік бөлімінде жұмыс жасаймын. Өнертапқыштармен, авторлармен, жазушылармен жұмыс істеу өте қызық. Қызметім өзіме ұнайды. Түрлі жауапты…

Read More

Шымкент Мега СО-на 5 жыл

Шымкенттің MEGA орталығының құрылғанына — 5 жыл. Осыған орай сауда-ойын-сауық орталығының қызметкерлері өз мерекелерін қызықты етіп атап өтті. Оған мыңдаған жерлестеріміз жиналды. Бұл күні әрбір келушіге арнап түрі ұтыс ойындары да өткізілді. Франция, Бразилия, Гаваи аралдары, Лапландия мен Жапония… Мегаорталықтың 5 жылдық тойына жиналғандар әлемнің осы 5 өлкесіне саяхат жасады. Кіреберіс есікте стюардтар мегатөлқұжаттарды үлестіріп, сол құжат бойынша аталған елдерді кезуге мүмкіндік алды жиналғандар. Әр қатысушы өзіне виза жинақтап, 5 бірдей елге бара алғандар жүлделерге ие болды. Шырын Әділова, әкімші: «Біз Мегамен бірге 5  жыл бойында бірге болған әрбір адамға…

Read More
Оқыс оқиға 

Жол-көлік оқиғасынан 11 адам зардап шекті

11 адамды жарақаттаған жол-көлік оқиғасы бүгін таңертеңгісін қаламызда орын алды. Мұнда жолаушылар тасымалдайтын «ГАЗель» көлігі мен Ваз 21/099 макралы автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік апаты таңертеңгі сағат 8,30 шамасында орын алған. Қазыбек көшесінің бойынша қатар келе жатқан екі көлік соқтығысады. Бағытына асыққан жүргізушілер бір-біріне жол бермеуге тырсады. Жарыстың нәтижесі адамдардың жарақаттануына әкеп соқты. Өз жұмысына салғырт қараған жүргізушілердің кесірінен зардап шеккен 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олар түрлі жарақат алған. Ал қақты соқтығыстан газель автокөлігінен жанармай төгілді. Өрттің алдын-алу үшін оқиға орнына өрт сөндірушілер де шақырылды. Ал полицейлер апаттың мән-жайын анықтайтын болады. 

Read More