Жаңалықтар 

«Шын жүректен» ГАЗель автокөлігін сыйлады

«Шын жүректен» акциясының ұйытқысы болған іскер әйелдерден құралған «Арулар» қалалық клубы кезекті қамқорлығын көрсетті. Қаламызға іргелес жатқан Көксәйек жарымжан балалар әлеуметтік-медициналық мекемесіндегі мүгедек жастарға қуаныш сыйлады. Жастайынан тағдыр тәлкегіне түскен оларға көмек қолын созған жомарт жандардың қатары қалың болыпты. Гүлшара Сарсенғалиқызы, «Арулар» іскер әйелдер клубының төрайымы: «Біз бұл қамқорлық акциясын көктемде бастаған болатынбыз. Қаламызда жомарт жандар бар екен. Қолдарын созып, көмек берді. Біз «Арулар» бұл балаларды өз қамқорлығымызға алғанбыз. Үнемі келіп тұрамыз. Бүгін ерекше қуаныштарымен бөлісіп отырмыз». Айта кетейік, үстіміздегі жылдың мамыр айында бастау алған акция аясында арнайы аукцион ұйымдастырылған болатын….

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте екі күн газ болмады

Аптаның қақ ортасында қаладағы біраз шағынаудандарында табиғи газ тоқтап қалып, тұрғындар әбігерге түсті. Біразы біздің арнамызға хабарласып, шағымданды. Өздерінің айтуларынша, екі күн бойы көгілдір отынсыз қалған шымкенттіктерге тек кешке қарай ғана газ беріле бастады. Ш.Уәлиханов көшесіндегі №204-үйде тұратын Любовь Керикова көп балалы ана. Көгілдір отын өшкелі бері кішкентайларының мазасы болмапты. Тәттілер мен суға піскен ботқаңды ішпейді дейді. Жалғыз электр-шәйнекке телміріп отырғандарына 2 күн болыпты.  Любовь Керикова, тұрғын:»Ешқандай ескертусіз екі күн бойы газды өшіріп отыр. Біз бала-шағамызбен бірге қиналып қалдық. Телефон соқсақ, жауап та бермейді олар. Тым болмаса, алдын ала ескертсе…

Read More
Жаңалықтар 

Жертөле тазаланбаса, су тоқтатылады

Сала мамандары осындай талап қойып отыр. Оған себеп — Шымкентте шайынды су ағатын кәріз құбырлары істен шыққан көпқабатты үйлер жетерлік. Солардың бірі — Шоқан Уәлиханов көшесіндегі шағын отбасыларға арналған 243-ші үй. Осыдан отыз жыл бұрын қолданысқа берілген үйдегі жағдай мүшкіл. Бұл — Уәлиханов көшесіндегі №243 үй тұрғындарының кезекті айқай-шуы. Су толған жертөлені тазалау үшін бірі ақша жинаймыз десе, енді бірі сол ақшаны беруге қауқарсыз. Нәтижесінде үйдің ауызсусыз қалу қаупі бар. Ұлмекен Мейірманқызы, Ш. Уәлиханов көшесіндегі №243 үйдің төрайымы:»Ауызбіршілігіміз жоқ.Егер бірлікте өмір сүрсек үйімізді осындай жағдайға жеткізер ме едік? Адамдардың санасы…

Read More
Жаңалықтар 

Қарақат Әбілдина продюсер болмақ

Қарақат Әбілдина кішкентай өнерпаздардан құралған «Жетіген» атты топқа жетекшілік етуді қолға алған болатын. Олар аты айтып тұрғандай жетіген аспабында шебер ойнап қана қоймай, сызылта ән де салады.Жақында өнерлі өрендермен бірге Қарақат «Сайра бұлбылым» мен «Келші балапаным» атты екі әнге бейнеклип түсірді. Бұл жаңа туындылар отандық телеарналардан көрсетіле бастапты. Әншінің айтуынша екі бейнеклипке 15 мың АҚШ доллары кеткен. Қаржынының басым бөлігін Қарақат өз қалтасынан төлепті. Қарақат Әбілдина, әнші:»Бұл топ екіге бөлінген. Үлкен және кіші топ. Барлық өнерпаздар менің Астана қаласындағы жеке мектебімдегі оқушылар. Бәріде өнерлі. Ал өзімнің мектебіме келер болсам, күннен…

Read More
Жаңалықтар 

Нұржан Керменбаев жар іздеп жүр

Әнші Нұржан Керменбаев жалғыз өзі айтқан «Қайдасың ғашығым» атты әніне түсірілген бейнеклиппен әнсүйер қауымды қуантпақ. Сонымен қатар «Арнау» дуэтінің «Сағындың ба?» атты әнге бейнебаянның да түсірілу жұмыстары аяқтапты. Енді бірер күнде қос клип көрермен назарына ұсынылатын болады. Нұржан Керменбаев,әнші:»Тындармандардың бәрін ең алдымен менің жеке өмірім қызықтыратыны сөзсіз. Бір ғана нәрсені айтамын. Мен әлі болашақ жарым болатындай аруды кездестірген жоқпын. Егер алдағы уақытта кездестіріп жатсам, ең алдымен өз тындармандарыммен бөлісер едім.» — Гастрольдік сапар жайында не айтасыз? — Әзірге гастрольдік сапар жайында ешқандай жоспарымыз жоқ. Бірақ шақыртулар болып жатса кез келген…

Read More
Жаңалықтар 

Заттыбек Көпбосынұлы шәкірт тәрбиелеуге көшті

Заттыбек Көпбосынұлы «Сені ойлап» атты жаңа ән жаздырды. Жуырда жаңа әнге бейнебаян түсірілуі мүмкін. Заттыбек сонымен қатар Шымкенттік «Нұрдастан» тобына да жетекшілік етіп жүр. Заттыбек Көпбосынұлы, әнші,композитор:»Бұл топқа продюсер болмасам да, өнер әлемінен өз орындарын адаспай табуларына септігімді тигіземін. Қазір өнер жолын таңдап алып, дұрыс бағыт тауып жүре алмай жүрген өнерлі іні- қарындастырымыз көп. Міне соларға дұрыс таңдау жасауларына, әрине, міндетті түрде біз көмек беруіміз керек.Осылайша мені Алматы қаласына арнайы іздеп келіп, көмек қолын сұраған соң, жәй қарап тұра алмадым. Өздеріңіз білесіздер үлкен сахнаға шығу үшін көп тер төгіп барынша…

Read More